Тегін
Тамаша жыл - The Big Year

#93. Ғаламшар уақытша демалыста

Қолданбадан тыңдау
Коронавирус туралы алғашқы хабарлар 2019 жылдың аяғында Уханьнан жетіп, дәл қазір 150-ден астам елге таралды. Қазіргі уақытта коронавирусқа қарсы вакцина жоқ және көптеген елдерде вирусқа қарсы тесттердің саны шектеулі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы азаматтардың бірлескен іс-қимыл жасау қажеттілігін қайта қайта баса айтуда.

Біріккен Ұлттар Ұйымының денсаулық сақтау агенттігі бүкіл әлемдегі адамдардан қолдарын үнемі жуып тұруды, көзге, мұрынға және аузына тигізбеуге, қоғамнан оқшаулануға және ыстық көтерілсе, жөтел немесе тыныс алу кезінде қиындықтар туындаған жағдайда медициналық көмекке жүгінуді сұрауда.

Дәл қазір бұдан 20 күн бұрын көзімізге тіпті елестете алмайтын жағдайларды басымыздан кешіріп жатырмыз: маска киіп, үйге қажет заттарды, тамақтарды мүмкіндігінше алып, жоспарларланған шаралардан бас тартып, үйден жұмыс істеудеміз.

Алматы мен Нұрсултан қалалары 19 наурыздан бастап карантинге жабылды. Бүгін құрбым Мөлдір екеуіміз осы сәттерде басымыздан өтіп жатқан оқиғалармен, сезімдерімізбен және жоспарларымызбен бөлісуді жөн көрдік. Сөйтіп онлайн байланыс арқылы осы эпизодты жаздық.

0:47:56
Басылым шыққан жыл
2020
Оқып қойдыңыз ба? Не айтасыз?
👍👎
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды