kk
Free
Тамаша жыл - The Big Year

#92. Көктем: жаңару мен серпіліс

Listen in app
Көктемнің алғашқы күнімен! Ұзақ демалыстан кейін мен қайтып келдім. Бұрынғыдай ұзын уәделер бермей, үнсіз оралуды жөн көрдім.

Бұл эпизодты жаңаруға, тазаруға арнағым келеді.  Бәріміз жылдың басын, жаңа жылды қарсы алғанды жақсы көреміз. Жоспарлар қоямыз, жаңа межелер белгілейміз. Алайда қыстың аязды күндерінен кейін ақырын қардың еруін бақылау, күннің көзін көру, шуағын сезіну бақытқа бөлейді. Ауада жаңа леп байқалады, өзгерістердің лебі сезілейтіндей. Сезесіз бе? Көктемнің алғашқы күндері - өмірімізді жаңартуға, жаңа ұзақ күндерді қарсы алуға дайындыққа арнайтын тамаша кезең.

Өзімізді тазарту дегенде ең алдымен өмірімізде жиі істейтін әдеттеріміз оралады. Біз үйімізді, жұмыстағы үстелімізді, үсті басымызды тазалаймыз. Біраз уақыт қарамай қойсақ өмірімізде жиі пайдаланатын заттарымыздың кірлеп, тазартылуды қажет ететінін білеміз. Алайда бұл біздің сыртқы ортамыз. Ал өзіміздің ішкі бөлігіміз ше? Ішкі дүниеміз, басымыз, жүрегіміз кірлемей ме? Оны тазалауға бола ма?

Айналамызда болып жатқан оқиғаларға байланысты біз өзгеріп, түрлі пішіндерге ие болып отырамыз. Басымыздан өтетін әр нәрсе бізге әсер етеді. Біз өзіміз ойлағаннан да көп ақпаратты өңдеп, өзімізге сіңіреміз. Таңертең көлік кептелісінде тұрып, уақытында жұмысқа жетпей қаламын ба деп бір мазаланамыз. Жай ғана елде болып жатқан жаңалықтарды  оқу арқылы күрсінеміз. Ашу, ызалану, ренжу, өкпелеу, абыржу, мазалану, алаңдау, түсінбеу, бәрі бәрі соңында шешілсе де, жүрегіміз бен жанымызда із қалдырады. Ол іздер мен дақтарды уақытында тазалап, жібермесек, бізге жабысып қалуы мүмкін. Сөйтіп, біраз уақыттан кейін олар біздің қалыпты көңіл күйімізге әсер етеді.

Көктем тазалану мен қайта жаңару кезеңі. Аспан ашық, көкпеңбек. Осы сәтті қолданайық. Бақытқа, жақсы денсаулыққа, жан гармониясына ұмытылып көрелік. Ішкі жан дүниемізді қуантатын қадамдарды жасап көруге  қалай қарайсыз?

Сыртқа көбірек шығайық, әлемнің қалай түрленгеніне назар аударайық. Күннің шуағы мен көктемнің ауасы сондай ерекше. Біраз далада жүргеннен кейін жеңілдеп қаласың. Табиғаттың, сыртқы әлемнің тылсым ауасы біздің аурадан биігірек, самал желдің ішіңдегі мазаңды алып жүрген ойларды алысқа қарай қарай ұшырып, алып кеткенін бақыла. Алуан түрлі түстердің айналамызды бояп, жаңа өмір мен үмітті меңзейтінін сезін.  Осы бір тамаша өзгерістердің ортасында бол, табиғаттан шабыт ал, жаңа бастамаларға дайын бол.

Шығармашылықпен айналыс. Мамандығымыздың қандай болғанына қарамастан, әрқайсымыз шығармашылықпен айналысуға құқылымыз. Креативті талап ететін шығармашылық жұмыстар миымыздың жай күндері іске қосылмайтын бөліктерін қозғайды, ойландырады. Дәл кеше бірінші акварельмен сурет салуға бардым. Білесіз бе, акварель мен қылқаламды соңғы рет он жыл бұрын қолыма алған болармын. Қылқаламды суға салып, бояуды алғаннан кейін қағазға жүргізуге қорықтым, жүрексіндім. Біраздан кейін әлемнің барлығын ұмытып, бар ойым гүлдер мен олардың жапырағын салумен болды. Екі сағат бойы өзімнің күнделікті күйімнен алшақтадым, басқа статусқа ауыстым, басқа форматта өмір сүрдім. Өзіме жаңа көзбен қарадым. Сізге басқа істер де ұнауы мүмкін. Торт пісіріңіз, гүл өсіріңіз, ән айтыңыз, билеңіз. Үйде қолыңызбен бірдеңе жасаңыз. Қолымнан түк келмейді деген де болмайды. Болмасаңыз да ұқсап бағыңыз. Ең бастысы істеп көру, сол форматта біраз сәт өмір сүріп көру.

Әлеуметтік желіден, интернеттен алшақтап көріңіз, детокс жасаңыз.

Әлеуметтік желі арқылы сіз бен біз танысссақ, солар арқылы бүгін сіз менің даусымды естіп отырсаңыз да,  кейде шынымен де өімірімзде тым көп орын алып кетеді. Біз көретін видеолар, фотолар, еститін дауыстар біздің өзіміздің ішкі даусымыздан тым қатты естіліп кетеді. Көп қолданатын желілерімізден сәл алшақтап, өзімізбен өзіміз өмір сүріп болып көрелік. Мүмкін өз даусымыз бізге бәрнәрсе айтқысы келетін болар?!

Дұрыс тамақтан. Мүмкіндігінше кемпірқосақтың түсіндей әр күні жаңа түстегі көкөніс пен жемітерді диетаға қосуға тырыс. Көбірек су іш.

Өзің мен жақындарыңа уақыт арна. Тыңда. Көбірек жаз. Шабыт ал. Шабыт алатын энергия көздерін тап.

Кездескенше. Келесі жолы сіз ойлағаннан да ерте кездесіп қалармыз.

0:06:44
Publication year
2020
Have you already read it? How did you like it?
👍👎
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)