Әзілхан Нұршайықов

  • b4848678814has quoted2 years ago
    Отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым. Олардың өлмеуі үшін, өз ұрпақтарын, өз халықтарының намысын, оның өздері сүйетін асыл қасиеттерін аман сақтап қалу үшін жұмсадым. Өзім де жаным арымның садағасы, халқым үшін қасықтай қаным пида деп, жанып тұрған отқа талай түстім. Мен соғыс кезінде «Красная звезда» газетіне былай жазғанмын: «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам опасыз, оңбаған адам» дегенмін. Сол сөзімді әлі де қайталаймын. Өйткені, Энгельс айтқандай, өз елінің бағасын білген адам ғана басқа елді қадірлей алады. Өйткені халықтардың туыстығы алдымен адамдардың өз халқына сүйіспеншілігі арқылы ғана келеді. Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын. Мен нацизмның туын көтерген фашизмге қарсы жан аямай күрескен кісімін. Мен Гитлердің нацист армиясына қарсы қол бастаған адамдардың бірімін. Мен фашистерді жан-тәніммен жек көріп соғыстым. Мен Советтік Отанымды жан-тәніммен жақсы көріп соғыстым. Осы екеуін де, жауға деген өшпенділік пен Отанға деген сүйіспеншілікті айтамын, мен қол астымдағы әр жауынгердің, әр командирдің жүрегіне ектім!
  • Marziya Tanzharikovahas quotedlast year
    Абыржып, аң-таң болып мен қалдым
  • Zhanibekhas quoted2 years ago
    жүрек болып жолдасың, адалдық сені қолдасын. Жақсылық үшін тірессең, жаныңды арың қорғасын. Арынды болсын шабысың, алымды болсын табысың, найзадай болсын намысың. Ер жігітке бәрі сын. Қиындық көрсең мұқалма, ауырлық көрсең жұқарма, қамқоршы бол кішіге, үлкенді үлгі тұт алға! — деп әкем бетін сипады.
  • Zhanibekhas quoted2 years ago
    қша өз өңешіңді тығындау үшін ғана жиналмайды. Елін сыйлаған ер жұтамайды. Ара-тұра дүниеден тарықпаған адам дүниенің қадірін білмейді. Понятно тебе? Тат-та, тат-та, тат-тата! — деп Баукең оң жақ иығына қарай басын бұрып әкетті. Мұнысы оның: «Бұл әңгіме бітті» дегені еді.
  • b2856244581has quoted2 years ago
    Қазақтың қас-жауға қаһармандығын қадірлеймін. Мұнда Отанды қорғаудың қасиетті сезімі сақталған. Үлкенге жол беріп, құрмет көрсететін, сол сияқты кішіге көмектесіп, ізет істейтін сыпайылығын сүйемін. Бұл коллективтік тіршілікті құрметтеу. Жастарының ата-аналары алдындағы перзенттік борышқа адалдығын ардақтаймын. Бұл — адамгершіліктің негізі.
  • b2856244581has quoted2 years ago
    Бауыржан. Қазақтың қонақжайлығын жақсы көремін. Өйткені, бұл тек коммунистік қоғамның мүшелеріне ғана тән қасиет. Қазақтың досқа деген мейірбандығын ұнатамын. Мұнда халықтар достығы мен пролетарлық интернационализмнің асыл ұрығы жатыр. Қазақтың қас-жауға қаһармандығын қадірлеймін. Мұнда Отанды қорғаудың қасиетті сезімі сақталған. Үлкенге жол беріп, құрмет көрсететін, сол сияқты кішіге көмектесіп, ізет істейтін сыпайылығын сүйемін. Бұл коллективтік тіршілікті құрметтеу. Жастарының ата-аналары алдындағы перзенттік борышқа адалдығын ардақтаймын. Бұл — адамгершіліктің негізі. Жас семьядағы жарастықты жаным сүйеді. Бұл — семья — мемлекеттің қауіпсіздігінің негізі. Кәрі-жасының ерінбейтін еңбекшілдігін жаратамын. Бұл — жан-жақты өркендетудің сипаты. Әке мен баланың, ағайын арасының ұйымшылдығын ұнатамын. Бұл — мемлекеттік бірліктің басы. Тағысын тағылар. Социалистік өмірімізге жанасымды дәстүр, қасиеттердің бәрін де жақсы көремін, қарағым.
  • b2779434486has quoted2 years ago
    Жақсының басынан дау кетпейді. Жаманның басынан жау кетпейді
  • b2779434486has quoted2 years ago
    Жақсы бастық — жарты бақыт қой, шіркін
  • b2779434486has quoted2 years ago
    Ұстазына шәкірті шариғат айтпайды, Бауке,
  • b2779434486has quoted2 years ago
    Заман —теңіз. Теңіздің түбінде шабақ та жүреді, шортан да жүзеді
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)