Адам баласы көп нәрсеге мұқтаж, бірақ қолы қысқа, күші жоқтың қасы. Өмірде кезiгетін пәлелерден құтылу мүмкін емес. Оның ерік-шамасы қолының жеткен жерiне дейiн десек, мұң-мұқтаждығы көзi мен қиялы жеткен жерге дейiн шексіз. Олай болса тым әлсiз, шарасыз әрi пақыр, мұң-мұқтажы мол адамға Жаратқан Иесіне құлшылық қылу, тәуекел ету, иман келтіру тәухид, Иләһи үкімдерге мойынсұну қаншалықты тиімді де пайдалы, мол бақыт, зор нығмет екендiгiн соқыр емес жандар түсiнер, бәлкім көрер.