Жүсіпбек Аймауытов

    waikikishhдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Шынында өлім деген, өмір деген немене? Адам өлмек үшін туған. Бүгін өлдің не, ертең өлдің не? Өмір — қабақтың қаққаны. Ендеше, аз күн тіршілікте өмірден қандай қызық, қандай ләззат болсын, алып қалу керек. Өлген соң түк те жоқ.
    Amina Kapalbaiдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    деді. Шідербай: «Е, қамдалады ғой»,— деді. Сәдуәлі еріп келгеннен-ақ, лау мінерін сезіп, Шідербай шәкіртпен әңгімелескенде де, лау мәселесі бүйрегінің бір жағында отыр еді. Нақ жылқы тор байтал еді, онымен түйе қарап кетті. Көк биені берсе, орыс сияқты, қоқақтаған шіркін қатты жүріп, қинап тастайды-ау. Жоқ әлде көкжалдың өзін бере ме? Оны суытып жіберіп еді, қара аттың арқасының шиі бар, шығып кете ме? Кім біледі? Бұған лайық қандай жеңіл қол жылқы болар екен? Міне, Шідербайдың манадан ойлап отырғаны осы еді. Бір жақсы ой сап ете түсті. Кідірмей-ақ: «Қартқожа, сен құнаныңа мініп, бұ кісіге ер-дағы, Балдекең аулына дұрыстап апарып сал»,— деді. (Қалай «дұрыстайтынын» құдай біледі.) Қартқожа ойланбай-ақ: «Жарайды ғой»,— деді, өйткені оңаша сөйлесуге құмар еді, құнанның қиналатыны ойына да келген жоқ. Шідербай «Ретін қалай тауып жібердім!» деген кісіше, мұртынан бір жымиып, «пәледен» тезірек құтылғалы: «Қатын, тұр, аяқ жуғыз, қымыз құй мына кісіге»,— дей бастады. «Қартқожа, шайға алданбай-ақ сенде осыдан қымыз ішіп шығарсың»,— деп, мейірімі түскен кісім болды, сөйтті де ат қамдатуға тысқа шықты.

    Бір аяқ қымызды ішті де, Қартқожа жүген алып, қотанда үйездеп тұрған көк құнанын ұстап, үй қасына алып келді. Желқом ерді шандырлап тұрып, мықтап ерттеді. Сөйтті де, үйге кіріп, әжесіне лау апаратындығын айтып, қамшы алып, белін буынып тысқа шықты. Қол-аяғы жерге тимей, құнтыңдап жүр. Құнанын шешіп алып, мінгелі жатқанда, келіншегінің қойнынан жаңа тұрған ағасы жалаң аяғына кебіс іліп, бір қолымен тақылжырын дырдыр қасып, бір көзін сығырайтып: «Уай, сен қайда барасың?»— деп еді, Қартқожа: «Лауға барамын», —
    b7142148081дәйексөз қалдырды2 ай бұрын
    Алтай елі — алтай жазы тау еркесі — киік болып, өзге елдерден биік болып, Марқакөлдің самалына сайран етіп жатқаны. Марқакөлдің суы балдай.

    Алтай

    Janserik Sengirbaevдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    жігіт деп отырғаны аузы түкті кәпір ғой! Әлгі дәретсіз, сүндетсіз, түрегеп сиетін, шошқа етін жейтін, арақ ішетін, темекі сасыған, елді қыран жапқандай қылып, қамшы, қылыш, мылтық ойнататын, мейірімсіз, шадыр мінез орыс осы емес пе? Шынымен сол орысты иіскегені ме? Шынымен ақ төсіне арам денені ойнақтатып, ашылмаған қауынын арам пышаққа жарғызғаны ма?
    Сандуғаш Кэлсдәйексөз қалдырды5 ай бұрын
    Қол бостық жатып ішер жалқаулық емес, еңбек, бейнет түзетер.
    Thibàu Kèlddiçдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Жаңа тұрмысқа балалар белсене кіріссе, өзі істегіштік, жанына шығарыштық, төңкерісшілдік рухында тәрбиеленсе, үй ішінің ескі салтына құлдық, күндік сарқыншағына қарсы тұратын болады.
    b6289407497дәйексөз қалдырды8 ай бұрын
    өсімдігі, жан-жануары, ауасы, соңың салдарынан тұрмысы, кәсібі әр алуан болса, сонымен қабат үй салуында, киімінде, аспап, құралында, әдет-ғұрпында, ән-күйінде, тілінде, мінезінде де өзгешеліктер көп табылады екен. Олай болса Қазақстанның барлық мектептеріне бір-ақ программ қолданып отырып, соңың керек жерін пайдаланып, әр алуан әр елдің мектептері өз жағдайына лайықтап, толықтырып, өзгертіп, программ жасап алу керек.

    Ондай өзгертулерді не жер-жердегі оқу орындары, немесе бірнеше аудандық мұғалімдер кеңесі, немесе таяныш (опорный) мектептердің жиылысы жасауға мүмкін, жалғыз-жарым мұғалімнің қолынан ондай жұмыстар келе бермейді. Ең болмағанда ондай өзгерісті жазғы мұғалімдер курсы жасап беру керек.
    Janserik Sengirbaevдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Сабалақ қара бұлттар-ау, Ақбілектің, жанын тұншықтырған қара тұман аз болды дедіңдер ме, үстіне мұнша төнгенше, анау асқар таулардың басына түнесеңдерші.

    Күздің сарғыш жапырақтары-ау. Кімді әлдилеп, сыбдырлап тұрсыңдар? Қалың бұтаның қайғысыз, қамсыз быт-былдықтары-ау, несіне қара түнді жаңғыртып тұрсыңдар? Сұлудың жүрегін жанышқан ауыр шерді сендер сейілтем дейсіңдер ме? Қанатын қаршыға күйретіп, қиқайған қостың алдында бір қолымен жер таянып, аспанға қарап отырған сұқсұрдың налыған зарын тәңірісіне жеткізем дейсіндер ме? Бұлттар-ау, серпілсеңдерші!

    Жапырақтар-ау, сыбдырлап жерге төгілгенше, шерлі сұлуға сая болсаңдаршы!

    Ызғырық-ау, ызылдағанша жапанда жалғыз қалған баланың әкесіне хабар берсеңші!

    Ой, мейірімсіз шіркіндер-ай! Сендердің тіліңді Алтайдың жаралы аруы білмейді ғой! — Сендердің қас-қабағыңа қараймын, сендерге еркелеймін деп есіл сұлу мұндай күйге ұшырады ғой! Жел мен бұлттың алласына сенем деп сенделіп қалды ғой!..
    Janserik Sengirbaevдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    ішсем де, ит ішсе де бұған бәрі бір. Жақсыға да, жаманға да сусын болады. Құдайдың бұ да бір құдіреті-ау! Мейірімі-ау! Оны біз білмейміз-ау!» деген ойлар келді.
    Janserik Sengirbaevдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Бекболат бұрын Жылтырды ала аяқ деп еститін. Бірақ өзі көрген емес еді. Енді Жылтырмен таныс болған соң: «Мұндай да адам болады екен-ау! Бұларға өлім жоқ-ау» деп таң қалып жүрді. Әйтсе де: «Бұ кәпір әлде қай жерде аунатып кетеді?» — дегендей қауіпсінді. Бет-ауызы да, өзі де, сөзі де жып-жылмағай; қолға ілінерлік, табан тірерлік, түк кедергісі жоқ, жылтыр мұздың үстінде тұрған кісідей болды.
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды