Алаңсыз тыныш көңілімді тасқын секілді бір бейтаныс сезім кеп, астаң - кестең қылды да, өзге түгіл өзіме жат мазасыз күй кештім. Сабақтан соң кілең жападан - жалғыз дария басына баратын әдет шығардым. Сең жүріп аласұрған өзен арнасына ұзақ қадалып тұрамын да қоямын. Қияли адам секілдімін.