kk

Edgar Allan Poe

years of life: 19 January 1809 7 October 1849

Quotes

Аяулым Болатбековаhas quotedlast year
Оның өзі әдетте орташа қабілеті бар ойыншыларда бола бермейтін адам жанының сыры-қырын білу қасиетін де қажет етеді. Кімде-кім зер салын, тіпті бақылап отырса, ол адам бәрін жадында жақсы ұстайды, демек айрықша зейін қойып ойнайтын шахматшының висте де ұтыстан үміттенуіне болады. Өйткені, Хойлдың ережесі (ойынның қарапайым жүрісіне негізделген) жұртты бәріне түсінікті, оны жұрттың бәрі қолдана алады. Айтылып жүрген пікірлерге қарағанда, висті жақсы ойнау үшін «ережені бұзбай», бәрін жадыңнан шығармай ұстай білуің керек көрінеді. Алайда, талдаушының өнері ойын ережелерінен тыс жағдайда ғана байқалады. Ол іштей талай тұжырымдар мен бақылаулар жасайды да! Оның қарсыласы да, әрине солай жасайтын болар; бірақ екі жақтың бұл барлауында арасалмақтың ауытқуы қорытындылардың мықтылығынан ғана емес, бақылаудың сапасына да байланысты болады. Әрине, неге назар аудару керек екенін білудің де маңызы зор. Алайда біздің ойыншымыз ештеңемен де шектеліп қалмайды. Басты нысанасы — ойын бола тұрса да, ол өзіне қатысы жоқ деген нұсқауларды да жадынан шығармайды. Ол өзінің қарсыласын қалт жібермей қадағалап отырады, оны өзге қарсыластарының бет құбылысымен салыстырады, олардың қолдарындағы қарғаларды қалай сұрыптағанын байқайды. Көбіне көз жанарын қалай тастағаныңа қарай олардың қолындағы көзірдің бүге-шігесіне дейін біліп алады. Ойын барысында ойыншының өңіндегі өзгерістерді бақылай отырын, оның жүзінде болып жатқан сенімділік, таңырқау. масаттану немесе ренжу сияқты сезім нышандарына қарап, ол өзінше алуан түрлі қорытынды жасайды. Адамның алдындағы ұтысты уыстап өзіне тартқаныңа қарап, ол одан кейін оның ұтатын-ұтпайтыны жөнінде пікір түйеді.
b4433651037has quoted2 years ago
Даналыққа қулықтан асқан

құбыжық жоқ.

СЕНЕКА
b4433651037has quoted2 years ago
жалпы жұртшылық қабылдаған шарт атаулының бәрі нағыз есуастық, өйткені оны көпшілік адамдар мойындаған.

Impressions

b2384021666shared an impressionlast year
👍Worth reading

Ужссссс

  • b7489672373shared an impressionlast year
    👍Worth reading

  • fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)