bookmate game
kk

Edgar Allan Poe

  • Аяулым Болатбековаhas quotedlast year
    Оның өзі әдетте орташа қабілеті бар ойыншыларда бола бермейтін адам жанының сыры-қырын білу қасиетін де қажет етеді. Кімде-кім зер салын, тіпті бақылап отырса, ол адам бәрін жадында жақсы ұстайды, демек айрықша зейін қойып ойнайтын шахматшының висте де ұтыстан үміттенуіне болады. Өйткені, Хойлдың ережесі (ойынның қарапайым жүрісіне негізделген) жұртты бәріне түсінікті, оны жұрттың бәрі қолдана алады. Айтылып жүрген пікірлерге қарағанда, висті жақсы ойнау үшін «ережені бұзбай», бәрін жадыңнан шығармай ұстай білуің керек көрінеді. Алайда, талдаушының өнері ойын ережелерінен тыс жағдайда ғана байқалады. Ол іштей талай тұжырымдар мен бақылаулар жасайды да! Оның қарсыласы да, әрине солай жасайтын болар; бірақ екі жақтың бұл барлауында арасалмақтың ауытқуы қорытындылардың мықтылығынан ғана емес, бақылаудың сапасына да байланысты болады. Әрине, неге назар аудару керек екенін білудің де маңызы зор. Алайда біздің ойыншымыз ештеңемен де шектеліп қалмайды. Басты нысанасы — ойын бола тұрса да, ол өзіне қатысы жоқ деген нұсқауларды да жадынан шығармайды. Ол өзінің қарсыласын қалт жібермей қадағалап отырады, оны өзге қарсыластарының бет құбылысымен салыстырады, олардың қолдарындағы қарғаларды қалай сұрыптағанын байқайды. Көбіне көз жанарын қалай тастағаныңа қарай олардың қолындағы көзірдің бүге-шігесіне дейін біліп алады. Ойын барысында ойыншының өңіндегі өзгерістерді бақылай отырын, оның жүзінде болып жатқан сенімділік, таңырқау. масаттану немесе ренжу сияқты сезім нышандарына қарап, ол өзінше алуан түрлі қорытынды жасайды. Адамның алдындағы ұтысты уыстап өзіне тартқаныңа қарап, ол одан кейін оның ұтатын-ұтпайтыны жөнінде пікір түйеді.
  • b4433651037has quoted2 years ago
    Даналыққа қулықтан асқан

    құбыжық жоқ.

    СЕНЕКА
  • b4433651037has quoted2 years ago
    жалпы жұртшылық қабылдаған шарт атаулының бәрі нағыз есуастық, өйткені оны көпшілік адамдар мойындаған.
  • b4433651037has quoted2 years ago
    Бекер әбігершілік,— деп жауап берді Г.— Хаттың онда жоқтығына мен кәміл сенемін. Бұл менің ауамен дем алғанымдай, айдай ақиқат.
  • b4433651037has quoted2 years ago
    Абертени жөніндегі айтылатын күлкілі жайт есіңізде ме?

    — Жоқ, Сіздің Абертениіңіз де құрып кетсінші!

    — Иә-иә, құрыса құрып-ақ кетсін сол! Алдынан жарылқасын! Алайда, қалай болған күнде де, бірде әлде қалай сараң саудагер көк тиын төлемей Абертениден
  • b4433651037has quoted2 years ago
    Мына баланың қаншалықты ақылды немесе ақымақ, әлде қайырымды, әлде қатыгез екенін, әйтпесе оның қазір не ойлап тұрғаның білгім келген кезде, оның бет пішініндегі құбылыстың бәрін мен де өзімнің бетімде жасай қоямын, содан соң осы құбылысқа орай бойымда қандай сезім мен ойдың пайда болатынын байқаймын».
  • b4433651037has quoted2 years ago
    Ақымақ атаулының бәрі — ақын,—
  • b4433651037has quoted2 years ago
    Шамфордың сөзін келтіре отырып,—
  • b4433651037has quoted2 years ago
    дәрігерлік кеңес алмақ болыпты. Сонымен ол сыйлы қауымның ортасында Абертенимен әңгімелесіп отырып, жорамал оқиға ретінде өзінің сырқатын айтып береді. «Айталық,— дейді сараң,— дерттің белгісі пәлендей-пәлендей делік, науқасқа не істеу керектігі жөнінде қандай кеңес берген болар едіңіз, доктор?» «Не істеу керек? — Абертени қайталап сұрайды,— дәрігермен кеңесу керек, басқа не деуге болады?»
  • b4433651037has quoted2 years ago
    Географиялық қарғаның көмегімен салондарда ойналатын бір ойын бар,— деп сөзін жалғастырды Дюпен,— ойнаушының біреуі екіншісінен қарға бетінде жапырлаған жазулардан ішінен өзі ойша жасырған сөзді қаланың, өзеннің мемлекеттің немесе империяның атын табуды ұсынады. Әдетте тәжірибесі жоқ адам қарсыласын шатастыру үшін мейлінше ұсақ әріппен жазылған атауларды жасырса, тіс қаққан ойыншы бүкіл қарға бетін алып жатқан және ең ірі әріппен жазылған
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)