bookmate game

Шерхан Мұртаза

  • Marzhanhas quotedlast month
    Тұрар бұл өмірдің додалы көкпар екенін, күреспесе, алыспаса адам өз сыбағасынан, бәлкім бақытынан адасып қалатынын бала көңілмен, көмескілеу болса да, андады.
  • Marzhanhas quotedlast month
    Қоңыр қаз, үйрек,

    Қанатын сүйреп,

    Бұл жалған өтер-кетер

    Өй-деп, бүй-деп, әлу-ай!..
  • Marzhanhas quotedlast month
    Дүние дастан

    Әуелі-ақ бастан

    Ақылды дұшпан жақсы

    Ақымақ достан, әлу-ай
  • Marzhanhas quotedlast month
    Дүние дастан

    Әуелі-ақ бастан

    Ақылды дұшпан жақсы

    Ақымақ достан, әлу-ай!
  • Marzhanhas quotedlast month
    Қасқыр да қастық қылмас жолдасына, әлу-ай!
  • Marzhanhas quoted14 days ago
    Адамның жетер жері – жетпіс-сексен,

    Содан кейін боларсың жермен-жексен... –
  • Marzhanhas quoted14 days ago
    Адам байғұстың өмірі тым кірпияз, адам шінжәу. Оның өміріне туа сала тоқсан тоғыз бәле төнеді. Тірлікке келуің бір-ақ рет, ал өле салудың жолдары сан тарау.
  • Marzhanhas quoted14 days ago
    Жер сілкініп, топан су қаптаса да алдымен кететін адам. Найзағай ойнап, жай түссе де тажал. Адамға адамның қысастығы да толып жатыр. Жердің үсті тарлық қылғандай, бірін-бірі орға итерісіп жататыны болады.

    Не керек, адам шіркіннің өміріне қауіп көп.
  • Marzhanhas quoted14 days ago
    Ми піскен сайын адамды уайым сарғайта бастайды. Ақыл тоқтатқан адам – кінәмшіл, насыбай шақшасы табылмай қалса да әлдекімге, тіпті Құдайдың өзіне налып, қала берсе, қатынын боқтап, шекесі тырысып отырады.

    Бала әлі ауыр тағдырдың кінәсін кімге артарын білмейді. Ешкімге салар наласы жоқ, тек өлмеу керек екенін ойлайды. Ойламаса да, өлмеуге тырысады.

    Ақылы толмаған бала өмірдің тозағын оңай көтереді. Оны көбінесе ақыл емес, сезім жетектейді.
  • Marzhanhas quoted14 days ago
    Адамның тілін адам түсініп болмаған бұл ғаламның қасіретіне қарай, адамды аң мен құстың тілін білуге жазбаған.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)