bookmate game

Төлен Әбдіков

    Әсемдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Нәтиже бермеген әрекеттің бәрі әурешілік
    Әсемдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Сонда сенің әр ойың, әр сөзің, іс әрекетің – басқа біреудің тағдырын жасап жататын болғаны ма? Солай болғаны ғой. Өзінің жаңсақ ниетіңмен өзіңнің ғана емес, өзгенің де сенімін, арманын құртуың мүмкін екен ғой...
    Әсемдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Жоқтан бар болған басарға жер таппас, бардан жоқ болған кірерге көр таппас» деген қазақ қандай данышпан
    Alikhanдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Баяғыда бір ханның жалғыз ұлы өліп, көңіл айтуға Едіге би келгенде, басын көтерместен, «менің бұл қайғым қайтсе қалады» деп сұрапты дейді. Сонда Едіге би:

    – Ей, ханым,- десе керек.

    – Ей, ханым, сенің бұл қайғың,

    Келелі бидің кеңесінде қалады,

    Биік таудың төбесінде қалады,

    Өзен судың көбесінде қалады,

    Қыран құстың қияғында қалады,

    Жүйрік аттың тұяғында қалады,

    Сұлу жардың қойнында қалады,

    Ұлы тойдың ойнында қалады,

    Осы айтқанымды істемесең,

    Өле-өлгенше өзіңнің мойныңда қалады,-

    деген екен.
    b6056128405дәйексөз қалдырды2 ай бұрын
    Өміріңде не ата-анаға, не дос-жаранға көңілдегі жақсылығыңды жасай алмай, бүкіл уақытыңды өткізіп алу қандай өкінішті.

    Өмірдің мағынасын ылғи алыстан іздейміз. Әлдебір ұлы оқиғаны, ұлы әрекетті алыстан бастағымыз келеді. Дәл жанымыздағы негізгі мақсатқа уақытымыз жоқ. Оған алдағы жаз, алдағы күз немесе алдағы жыл бар.
    Бум Бумдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Кез-келген құбылысты әрқалай талдауға бола береді. Ол тек көрушіге байланысты. Өмір сіз көргендей мәңгі трагедия сахнасы болмауы мүмкін...  Дәрігер сәл ойланып қалды.  Мына тұрған кітап біздің көзімізге қызыл түсті болып көрінеді, ал мысықтың көзіне әшейін қоңыр түсті болып көрінеді екен. Бәрі де өмірді қалай көруге байланысты...
    Akku Aldongarovaдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Дүниеде артты қысып тыныш жүргеннен жақсы ештеңе жоқ екен,- деді домбыраны жүкке сүйеп жатып.
    b0773030695дәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Күздің жауын-шашыны бір басылмай қойған.
    aigulshдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    «Алдағы жазда», «алдағы күзде», «алдағы жылмен», мінеки, енді өмірдің санаулы сәтінің үстінде отырмыз. Өміріңде не ата-анаға, не дос-жаранға көңілдегі жақсылығыңды жасай алмай, бүкіл уақытыңды өткізіп алу қандай өкінішті.

    Өмірдің мағынасын ылғи алыстан іздейміз. Әлдебір ұлы оқиғаны, ұлы әрекетті алыстан бастағымыз келеді. Дәл жанымыздағы негізгі мақсатқа уақытымыз жоқ. Оған алдағы жаз, алдағы күз немесе алдағы жыл бар.
    b2844214337дәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Өмірінде бір шалқып қуанып көрмеген әкемді көкірегіндегі бүкіл шер-шеменінен құлан таза айықтырып жіберетіндей бір қуантсам деген арман менің де көңілімнен кетпейтін. «Алдағы жазда», «алдағы күзде», «алдағы жылмен», мінеки, енді өмірдің санаулы сәтінің үстінде отырмыз. Өміріңде не ата-анаға, не дос-жаранға көңілдегі жақсылығыңды жасай алмай, бүкіл уақытыңды өткізіп алу қандай өкінішті.

    Өмірдің мағынасын ылғи алыстан іздейміз. Әлдебір ұлы оқиғаны, ұлы әрекетті алыстан бастағымыз келеді. Дәл жанымыздағы негізгі мақсатқа уақытымыз жоқ. Оған алдағы жаз, алдағы күз немесе алдағы жыл бар.

    Көзіме жас тірелді. Орамалме
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды