Джансугуров Ильяс

Кітап

Дәйексөз

b9881063036дәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
Құлагер, қоштасқаным ел алдында,

Жемтігің қалды сенің Жыландыға.

Айрылып жанындағы жалғыз сенен,

Қайтты нең, тұрмаған соң жылады да.

Құлагер, жануарым, пырағым-ай,

Қалдың-ау Ерейменде, шырағым-ай!

Сенікі, менікі емес, қарға, кұзғын!

Оқи бер Құлагерге құраныңды-ай…

Көзіңнен айналайын тостағандай,

Қияр ем сені нағып тастағанға-ай;

Басыңды итке неге иіскетейін,

Ерте-кеш құшақтамай жас баламдай!

Құлагер, қош-қош атым, жолдасым-ай!

Мен білдім түнесем де тұрмасыңды-ай.

Тигізбей топыраққа, жоғары іліп

Сақтармын өле-өлгенше қу басыңды-ай!»

Соны айтып Құлагердің басын кесті,

Көрген жан: «Қайтсін шіркін, асыл!»- десті.

Достары: «Қайран ер-ай, обал-айлап»,

Қастары: «Сол сыйымен барсын!»
aishuake550дәйексөз қалдырды7 ай бұрын
Бұрқырат кер бұланды кең далаңа,

Бастырмай шөпке-шарға тоқтап құры.

Далаңның той болғанда қиял құсы,

Жүйріктей бабындағы жүгір, міні;

Орай шап алдын, артын жиын жұрттың,

Жыр қыла бүгінгіні
b5295094460дәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
Көгілдір, мөлдір көк аспан
Көлеңке, сәуле ойнағы.
Ойнаса онда жылпың жел,
Жыртылад шарбы, қаймағы.
Жел қуалау, бұлт қашу
Жігіт-қыз айтса, тойдағы.
Көк күмбезде күнде ойнақ,
Ойнады да қоймады.
Бұлт бір мезгіл бұрқырап,
Астарлады аспанды.
Асқарға соққан асқақ жел,
Тас сүзді де жасқаңды.
Нөпір нөсер шүмектеп,
Жасылдан жалтыл басталды.
Балбыраса да барлық зат,
Тас күйінде тас қалды.

Пікірлер

b5571037944пікірмен бөлісті8 ай бұрын
👍Кеңес беремін

Қысқа екен

  • Джансугуров Ильяс
    Күй
    • 91
    • 3
    • 2
    Тегін
  • b9395759510пікірмен бөлістібылтырғы жыл
    👍Кеңес беремін

    Күшті

  • Джансугуров Ильяс
    Құлагер
    • 707
    • 85
    • 10
    • 10
    Тегін
  • b3252334035пікірмен бөлісті5 ай бұрын
    👍Кеңес беремін
    🐼Жақсы

  • Джансугуров Ильяс
    Домбыра
    • 7
    • 1
    Тегін
  • fb2epub
    Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды