kk

Мұхтар Әуезов

Quotes

Айсулуhas quoted2 years ago
Ойпыр-ай, не деген, не деген биік! Көріп пе ем осыны бұрын, көрмеп пе ем? Не қылған қап-қара? Неліктен жап-жалаңаш... Бұ қай тау, жаным-ау?.. Қандайлық қап-қараңғы дүние. Түн бе, алакөлеңке ме, әлде не?.. Не қылған құлазыған жалғыздық... Қайдан, қалайша кеп қалдым осында?..

Тау зорайып, пішіні суып аспандап барады. Аяғының астына қарай алар емес... Салған сайын тіктеніп шаншыла түседі. Астында әлсіреген бір жаман ат... Аяғын жылжыта алмай қалтырап тұрғандай. Сондай халде өзі. Төменгі жағы көз алдында құлазып, шаншылып тас құзға айналып барады. Ар жағы?! Қарай алмай көзін жұма берген сияқты. Қап-қара боп, азынап ашылып бара жатыр. Тұнжыраған түпсіз қара қуыс... Ажал исі аңқиды.

Қапсағай қара қойнын ашқан өлім бе?..

— Өлдім-ау... Кеттім-ау... Бітті деген осы ма?

Бұлқынып қалды, бірдеме тарс етті...

Жәмиланың даусын есітті. Ашулы, ащы екен... Сонда да майдай тиді. "Уһ!" деп көзін ашты.

Есікті екінші рет тарс еткізіп жауып қалып: — Құртар болдың ғой әбден, түге... Құдай құртқан немелер! Құрттың ғой бізді де әбден!1— деп келе жатқан анық Жәмила, өзінің қатыны.

Аяздай соғып ұшқындап келсе де, бұл жанағы жалғыздық емес... Қара құз ажал емес... Жер... Ол да емес-ау... Тіпті өзінің үйі... Өз төсегі... тірі... бар...

— Жәмиламысың? Уһ. Жәмила-ай.
bimuratovaayazhanhas quotedlast year
Мақыштың бұларға айтқан сөзі:
— Мен биылғы жыл жалғыз ержеткен балам солдатқа кетіп жабыққан жылым еді. Қазір көңілдің үміті үзіліп, тірегі сынғандай
bimuratovaayazhanhas quotedlast year
болып отырған кезі еді. Бүгінгі күні Байсалбай сияқты інім болып, Сыздық сияқты балам болатын болса, мен құдайдан одан артық не сұраймын?! Бұ да болса, жасымды игені шығар. Мен ырзамын. Мал деген жағына менің айтатын сөзім жоқ. Інім мен балам, мал емес, жақын болсам — бас сүйісіп жақын боламын деп, өзінің берік тұтынған адамшылығына лайық сөздерін айтыпты.

Impressions

Лияshared an impressionlast year
👍Worth reading

  • Мұхтар Әуезов
    Қорғансыздың күні
    • 7.6K
    • 452
    • 768
    • 79
    kk
    Free
  • Jansaya Sayashared an impression2 years ago
    🔮Hidden Depths
    👍Worth reading

  • Мұхтар Әуезов
    Қараш-қараш оқиғасы. II нұсқа
    • 424
    • 6
    • 6
    • 9
    kk
    Free
  • fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)