bookmate game

Тәкен Әлімқұлов

  • Молдир Амантаеваhas quotedlast year
    Жаман үйдің қонағы билейді»
  • b0780923196has quoted2 years ago
    Бұлар келе - ақ іздестіріп еді, мойны қашық ауданның «Бозтөбе» совхозына қатынайтын машина таң салқынымен кетіп қалғанын есітті.
  • b0780923196has quoted2 years ago
    Сейдін ауданының орталығы «Бозтөбенің» арғы жағында талай жер болғандықтан біздің жігіттер сапарды совхоздың өзінен бастамақ болған. Енді ел шетіне іліге алмай, діңкесі құрып тұр.

    Қараштың өткен іске өкінбейтін мінезі бар. Елеусіздің үн жырғасы түсіп кеткенін көріп:

    — Крепись казах, атаманом будешь! — деп, иығынан сілкіп қойды. «Қазақ» деудің орнына «казах» деуі әзілін ойнақы ете түсіп еді, Елеусіз еріксіз езу тартып күлді. Жолдастың тапқыры жақсы ғой, шіркін...
  • b0780923196has quoted2 years ago
    Жігіттер қариямен танысты. Есімі — Біркімбай. «Бозтөбе» совхозының үшінші фермасынан келіпті. Ауылы жонда. Осында, онжылдық мектепте немере қызы оқиды екен. Соны көріп қайтуға келген. Басқа да кәкір-шүкір шаруалары бар секілді.
  • b0780923196has quoted2 years ago
    Олар шаба - шаба жайлауға жеткенде, абалап иттер қарсы алды. Ел жатып қапты. Қоңыр үйлер мүлгіп тұр. Тек шеткі үйден ғана сығырайған шырағданның сәулесі көрінеді.

    — Кім бар-ау?

    Далаға әйел шықты. Шықты да:

    — Ойбай-ау, мынау көкемнің көкқасқасы ғой,— деді таңданып.
  • b0780923196has quoted2 years ago
    Осыдан кейін үй иесі әйел де қонақтармен түгел танысты.

    — Е, айналайын-ай, түсің де, даусың да әкеңе келеді,— деді Қарашқа.

    — Сыртыңнан естуім бар еді, қарағым,— деді Елеусізге,— Шынар қазір ылдида. Біз өзіміз мал қамымен жонда отырмыз. Арамыз алпыс шақырым болса да, жол жаман болғандықтан айында, жылында бірақ қатынасамыз.

    Бұл әйел — Шынардың шешесі Гүлнаш екенін Елеусіз енді ғана білді.
  • b0780923196has quoted2 years ago
    («Жеңгей» деуге кәрілеу, «шешей» деуге жастау.)
  • b0780923196has quoted2 years ago
    Жігіттер рақмет айтты. Біркімбай даусы дірілдеп:

    — Ішінде көк қасқаның баласы жатқанын ұмытпа.

    Арбаға жегіп, рәсуа қылып жүрме. Құлындағанша мәпелеп қолда бақпасаң қашып кетеді. Ақбоздың тұқымы аяғына кісен салғызбайтынын ескер. Мертіктіріп аласың. Ал, хош бол, Нұрша, Жолың болсын! — деді. Үлгермей қалармын дегендей, соңғы сөздерін асыға -аптыға айтты.
  • b0780923196has quoted2 years ago
    Жирен сақал Нұрша келіп, қаракөк биенің ноқтасына жармасқанда, ақ сақалды Біркімбай:

    — Тарт қолыңды! Бұл биені енді саған жетектетіп жібере алма!—деп саңқ ете қалды.
  • b0780923196has quoted2 years ago
    қыстан тың аман шыққан төрт жүз жылқының бес процентін шығасы етіп, ұсақ малға айырбастайды.

    Жаңағы қаракөк бие шығасы қолдан шығарған жарамды жиырма жылқының біреуі болатын да.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)