kk

Oscar Wilde

  • Zhazira Leskhanhas quoted2 years ago
    Біздің заманымыздың адамдары өнер туындысын ғұмырбаянның бір түрі деп қарастыруды тауып алған. Біз сұлулықтың өзін жеке тануды ұмытып қалдық. Мен сұлулықты санаға бағындырылған күйден ада еткім келеді, тәуелсіз күйінде беруді, әрі осылай бола алатынын әлемге паш етемін, осы ойымды күндердің күнінде жүзеге асырам деп ойлаймын
  • Zhazira Leskhanhas quoted2 years ago
    Гарри, мен өз рухымды жаздың бір күндік сәні үшін ғана тағып, солған гүлдей лақтыра сала алатын адамның алақанына салғанымды жан жүрегіммен анық сеземін
  • Zhazira Leskhanhas quoted2 years ago
    Бір ғана адамға берілгендерге махаббат тек алдамшы тазалығын ғана көрсетеді, ал оның бар трагедиясын сезіміңді таптаған кезде ғана толық сезіне аласың.
  • Zhazira Leskhanhas quoted2 years ago
    Өйткені, өзге біреуге әсер ету дегенің − оған өзіңнің жаныңды бердім деген сөз. Ол енді өзінше ойлай алмайды, өзінше емес, өзге біреудің отына жанады. Жақсы істерін де өздігінен жасамайды, күнәға батса да, әрине егер солай болса, өзінің еркінен тыс батады. Ол өзге біреудің әуеніндегі бір дыбыс, өзіне арнап жазылмаған рөлдің ойнаушысы болып қана қала береді. Өмірге келген соң, оның мәні өз жолыңды табу. Бар болмысыңмен, өз ерекшелігіңмен толыққанды өмір сүру, адам сол үшін дүние есігін ашады. Ал біз, адамдар, өз-өздерінен қорқатын заманға тап келдік. Олар ең басты парыз өзіңнің болмысыңның алдындағы парыз екенін ұмытып кетті. Әрине, олар ізгі. Ашты тойдырады, жыртық-жамауды киіндіреді. Ал өз жандарының аштықтан бұратылып, жалаңаштанып қалғанын білгісі де келмейді. Біз шындыққа тура қарау батылдығын жоғалтып алдық. Мүмкін, ол бізде ешқашан болмаған да шығар бәлкім. Қоғам не айтар екен деп қорқу, міне ар-ұятымыздың негізі, Құдайдан қорқу, өйткені ол діннің негізі, иә, иә, осылар біздің қозғаушы күштеріміз. Ал шын мәнінде..
  • Zhazira Leskhanhas quoted2 years ago
    күнә жасап, адам оған деген ынтықтығынан арылады, өйткені ойыңа алған нәрсені жүзеге асыру-тазарумен бірдей. Содан кейін тек естеліктер мен өз қателігіңді түсінген тәжірибе ғана ашады. Жаныңды арбаған күнәдан құтылудың жалғыз ғана жолы бар − ол оған жол беру. Ал онымен күресем деп шешсең, жаның қорыған дүниеге әуес болып, соны жасағанша тыныштық бермейді, ал адамның өзі ойлап тауып қойған заң бұл дүниелерді нағыз оңбағандық пен қылмыс деп танитын болады. Бірде бір ақылды адам айтқан екен: "Ең ұлы оқиғалар − адам миында болып жатқан оқиғалар". Ал мен оған ең сұмдық күнәлар да адам миында өзегін жарады, тек адам миында дегенді де қосар едім.
  • Zhazira Leskhanhas quoted2 years ago
    Жаныңды сезіммен емдеген дұрыс, ал сезімді тек жан ғана емдейді
  • Zhazira Leskhanhas quoted2 years ago
    сенің алдыңда кінәлі сияқты көрінетін болады. Келесі кездесуде енді жайбарақат әрі бейжай қалыпқа енесің.
  • Zhazira Leskhanhas quoted2 years ago
    Біздің заманымыздағы адамдар ақылдың етегінен ұстап алып, оның құлына айналып алған, ал өмірдегі шын мәнінде ең қымбат ешқашан өкінбейтін нәрселер − жасаған қателіктері мен адасулары екенін түсінгенде тым кеш болады
  • Zhazira Leskhanhas quoted2 years ago
    Тән қашан мылқауға айналып, жан сөйлей бастайтын уақытты кім дәл ажырата алады?
  • Zhazira Leskhanhas quoted2 years ago
    Ақиқатына келгенде, тәжірибе тек біздің қателіктеріміз өткен уақытта қалай қайталанса, дәл солай қайталана беретінін, бірақ алғаш рет ол үшін адам қатты қамықса, екінші
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)