Әнуар Әлімжанов

Кітап

Дәйексөз

b8510353013дәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
Беріштің атақты жылқышысы Өтемістің он ұлы бар еді. Өтеміс оларды ат жалын тартып мінгеннен - ақ ер үстінде тәрбиелеп есірді. Әкесі кезінде өз ауылын Айшуақ ханның жендеттеріне қарсы көтергенін Махамбет бала шағынан біледі. Жүрек жұтқан жігіттерін жауға бастап шапқанда қарсы тұру қиын еді-ау оларға. Туған ауылын талай-талай қиын -қыстаудан алып өтіп, қол жеткісіз қиырларға бастап жөнелгенде хан жасағы да, қазақ-орыс атамандарының жазалаушы отрядтары да соңынан ілесуге батпай қала беретін. Қырды жаңғырықтыра зеңбірек атып, Оралдағы айырбас сарайында Айшуақтың баласы Жантөрені хан көтергенде және ол өзін күллі Кіші жүз қазақтарының әмір - иесімін деп жариялағанда,— Өтеміс иліккен жоқ.
b8510353013дәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
Махамбеттің әкесі ары таза, әділ де батыл жан еді. Ол өз балаларын балапанын баулыған қырандай тәрбиеледі. Аяған емес, мүсіркеген емес, қаршадай кездерінен - ақ асау атқа мінгізіп, садақ тартуды, қылыш шабу мен найза ұстауды үйретті.
b8510353013дәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
Он алты жасында Махамбет Беріш руының жез таңдай ақыны атанды. Кез келген ауыл оны қошеметтеп қарсы алатын болды. Әдетте көп мақтау айтпайтын, сөзге сараң ақсақалдар бұл дегенде сайрап қоя беретінді шығарды. А
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды