Бұл не, қыздар? Сендер мені: «Жаның тым нәзік екен, құрбым,— деп кінәлап та отырсыңдар, білемін. Сүйіп көргендерің бар ма іштеріңде? Мұндай сезімді солар біледі... Қыз шіркін ұната да, еліге де береді. Ол бәріміздің де басымызда болған. Бірақ, бір-ақ сүю, шын сүю — ол басқа сезім, ол жай сезімдей тез өше қалмайды, ол өсе береді, есейе береді...