, күн де шықты. Етектегі бүрінен айрылып сидаң селдіреген боз жусан, дәнді қара, жапырақты мияға түнімен біреу әдейі жүріп су бүркіп қойғандай балбырап тұрған; міне олар да бұйығы күйінен серпілгендей: мөп-мөлдір шық шөп бетіндегі кішкене күн тәрізді; шағылыса жылт-жылт етеді. Қара күрең дала терең тыныстап, бусана бастады; ақ шарбы кіреуке ауылдан осы дөңеске қарай баяу жылжиды. Аудың қалтқысындай екеу-екеу қылт етіп, соның арасынан көрініп кетеді.— «Пішенге жүретін сауыншылар ғой. Мал-жанын, шаруа-жәйін бір реттеп ауылдан енді ғана шықты.