kk

Герольд Бельгер

  • Assel Tulegenovahas quoted2 years ago
    «Шынында, қазақтың бұл күнгі қызметіне қатысып отырған азамат қазақ елін қай қызметімен қанағаттандырады? Қандай еңбек, қандай өнер, қай ісімен ризалайды? «Мен мынаны істегенім жоқ па, мынадай үлгі, пайдалы істі ортаңа орнатқам жоқ па?» деп қай қызметімен елдің аузын буады? Мен осы сауалдарға жауап таба алмаймын...»

    Мұны кім айтты? Мұхтар Әуезов. Қашан? 1921 жылы. Қайда? «Қазақ қызметкерлерінің міндеті» деген мақаласында. Арасына 86 жыл салып (21.03.07), бұл сұрақтарға мен де жауап таба алмай отырмын. Сол мақаладан тағы бір үзік ой: «Әрі надан, әрі әлсіз, айласыз, көмексіз елге қызмет қылу, басшы болу міндеті мойныңа мінген соң оның барлық кемтарына ем іздеу, жетпегеніне жалғасу – азаматтың міндеті»

    Сол міндет – бүгінгі күннің міндеті болып қалған жоқ па?
  • Assel Tulegenovahas quoted2 years ago
    - Уа, Бабай!

    Ел-жұрттың халі қалай?!

    - Е-е, балам-ай!

    Ел – аман, жұрт – тыныш демесе:

    Әйел – ерге қарады, ер – жерге қарады;

    Қартымыз – қақбас, қатынымыз – қақпыш;

    Шешеніміз – шерменде, батырымыз – қорқақ;

    Данамыз – бала, баламыз – шала;

    Әйел – арыды, келін – жеріді;

    Бозбала – сайтан, бойжеткен – сайқал;

    Азамат – елсіз, арғымақ – жалсыз;

    Сері – селтең, сал – мелтең;

    Көршіміз – кәпір, туысымыз – мүсәпір;

    Жауымыз – атарман, досымыз – сатарман;

    Тұлпарымыз – жабы, сұңқарымыз – жапалақ;

    Өнеріміз – молақ, өнерпазымыз –олақ;

    Дініміз – шала, тіліміз – шұбар;

    Еліміз – азды; жеріміз – тозды;

    Бүгініміз – тұман, ертеңіміз – мұнар,

    Сенеріміз – жоқ, секеміміз –көп;

    Жан шыққан жоқ, үміт өлген жоқ –

    Өмір осылай өтіп жатыр!»
  • Assel Tulegenovahas quoted2 years ago
    Үмітпен, күреспен, сеніммен өткізуге ұзақ ғұмырымды қорыта қарасам, қуанышым да, ренішім де мол екен. Жаңа қазақ мемлекетінің билік туы менің көз алдыма көтерілді. Бүгінде күллі әлем назары ауған ілгері елге айналдық. Бірақ әдебиет пен өнер ұлы болмаған жағдайда ұлт ұлы боп есептелмейтінін ұмытпайықшы. Жан сүйсінтер бірлік жоқ жерде саналы тірлік те жоқ. Кейде мыстың алтынға, қыранның қарғаға телініп жататыны – осының кесірі.
  • Assel Tulegenovahas quoted2 years ago
    «Тек жүрсең, тоқ жүресің».Апыр-ай, бұл не дегені? Жалғасы тағы бар: «Домаланып көп жүресің».Адам боп туған соң тек жүрудің несі сән? Тек жүріп, неменесіне жетісесің? Тек жүрсем деп, өркениет атаулыдан құр қалмайсың ба? Ал тоқ жүру – бірден-бір мақсат, арман болып па? Қарынды қампитып, ықылық атып жүру ме? Тоқтық көбінесе малға жараспай ма? Міне, пәлен жылдан бері қазақ тек жүр, бірақ тоқ жүргені қайсы? Бір миллиардер шығу үшін бір миллион қазақ тақыр кедей болу керек пе? Әрине, тойып секіріп жүргендер баршылық, ал халықтың дені тоңып секіріпжүрген жоқ па? Миллиардеріміз бар деп бөркімізді аспанға атамыз. Жеті миллиардеріміздің үшеуі ғана қазақ, қалған төртеуі - өзге милләттің өкілдері. Сонда тек жүріп, қазақтың шыққан мүйізі қайсы?
  • Assel Tulegenovahas quoted2 years ago
    «Артын қысқан бай болар».Бұл да сол сияқты. Үркіп-қорқып, әбден басылып қалған қазақ қайда жүрсе де, артынан қысып-ақ жүр ғой. Ал байығаны шамалы-ау.
  • Assel Tulegenovahas quoted2 years ago
    «И-и, Алла, бергеніңе шүкір»деп қорлықтың бәріне төзіп, көніп, бес мезгіл тәубеге келеміз. Мен білер қазақ тамұқта отырса да, «И-и, Алла, бергеніңе шүкір!» - деп тәубе етеді.
  • Assel Tulegenovahas quoted2 years ago
    Дала кең, аспан шексіз, уақыт өлшеусіз. Алып бара жатқан жұмыс тағы да жоқ. Асыққан – шайтан ісі. Бұйырғаны болар. Тақ-тұқ сөйлеу де жат. Ол жағын неміс, орыстарға бердік. Біз, қазақтар, кең көсілеміз. Сөздің түбін түсіреміз. Қызыл сөзді, қысыр сөзді сағыздай созып, қымыздай сапыру әбден дағды боп кеткен. Сөздің майын тамызамыз.
  • Assel Tulegenovahas quoted2 years ago
    сені көп арасынан суырып алып, әмірші етті. Бірақ бұның рақым, не жаза екенін ешкім айта алмайды. Өйткені, биліктің жолап кеткен адамның ырқын шырмап-матап тастайтын қасиеті бар. Билікке жету үшін асқан батырлықтың қажеті де жоқ. Көбінесе ол уысқа кездейсоқ түседі. Оны өзгенің қолына ерікпен беру ғана ерлік болып саналады. Барлығымыз Жаратқанның құлымыз. Ал ортамыздағы ең тәуелді, құлақ кестісі – патша. Сен құлдық пен биліктің арасы алшақ еместігін түсінуің керек. Пенделер әлемінде патшалар тумайды.

    - Жоқ, шал. Алла әділ. Ол таққа отырғызу үшін ерік-жігерімді матап, ұзақ сынады, - деді Махмұтдин. Бар азабына төзіп, әмірін екі етпейтінге ғана билік беруге болатынын Жаратқан анық біледі.

    - Билік қорқаққа керек, - Вэй жауап қайырды. – Ол өзін төмендететін ортадан сескенетін адамға ғана пайдалы. Бүгін Алла сені таққа отырғызды, ал ертеңгі күні өз шаштаразыңнан да үрейленетін бейшара күйге түсесің. Жазадан қашып құтылған патша аз».
  • Assel Tulegenovahas quoted2 years ago
    ...Қалың ну орманда аю жұмыс таба алмай, біраз сандалып жүріп, әзер дегенде қоянның қызметіне орналасыпты. Ісі – аюдікі, жалақысы - қояндыкі. Сүйтсе, ит тұмсығы өтпейтін көрші тоғайда бір пысықпай, жылтықай қоян аюдың тағына қонжиып отырып алыпты. Ісі – қояндікі, жалақысы – аюдікі. Қалай ренжімессің?! Қоянның қызметін атқарып жүрген аю намысына мініп, Орман басқармасына арыз түсіреді. «Оу, бұларың қалай, бауырлар? Әділдік қайда?» Іле-шала аюдың арызын тексеруге комиссия келеді. Шетінен арыстандар екен. «Ей, қоян! Сен аюсың ба?» «Аюмын» «Құжатыңды көрсет!» «Міне!» Құжатта қоянның аю екені расталып, мөр басылған екен. Комиссия көрші тоғайға аттанады. «Ей, аю! Сен шынында да аюсың ба?» «Аюмын» «Құжатыңды көрсет!» «Міне!» Комиссия қараса, құжатта аю қоян болып тіркеліпті, мөрі қойылған екен. «Ей, аю! Сандалма! Жұртты шатастырма! Сен нағыз қоян болып шықтың!»

    Аңқау аю желкесінен қасиды. Не істейсің? Аю болсаң да, құжат бойынша қоянсың.

    Сүйтсе, комиссия мүшелері арыстан болып жазылса да, кілең есектер екен.

    Ал сол аю болып жазылған қояндар, арыстан болып тіркелген есектер біздің шенеуніктер арасында жоқ деп кім айтады?
  • Assel Tulegenovahas quoted2 years ago
    Газет жүзінде қазақтың һәртүрлі кемшіліктері түртіліп жазылып жатыр. Мысалы: ұйымсыздық, күндестік, парақорлық, партия, әділетсіз билік, әйелдің халі деген сияқтылар. Рас, мұның бәрі аянышты халдер, бірақ бұлар әр міннің бұтақтары
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)