8Оқып жатыр
0Сөрелер
0Пікірлер
2Дәйексөздер

«Өлеңдері мен толғаулары» (Бақтыбай Жолбарысұлы) кітабынан алынған дәйексөздер

Дина Унерханова
Дина Унерхановадәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
АЗЫРАҚ ӘЗІЛ БОЛДЫ-АУ КӨҢІЛ АШАР

Қалай келер мынаған шыдап деймін,

Жүрген шығар қасқырлар жылап деймін.

Қолқа қылып, Ойшеке, сұрадыңыз

Төбетіңді берейін сынап деймін.

Өзің сынды төбетің батыр екен,

Бере қоймас қораңнан лақ деймін.

Төбетімді өзіме теңеді деп,

Сіз мені айыптама бірақ деймін.

Ит адамның қорғаушы досы болар,

Кетті маған төбетің ұнап деймін.

Мұныңның аты шытар Бөрібасар,

Кезіксе бөрі баспай нені басар?

Төбетің барлық иттің сырттаны екен,

Он қасқыр кезіксе де өңі қашар.

Шынжырынан мынауың босап кетсе,

Түрі бар қонақ демей мені басар.

Итпен мені сынамай, атпен сына,

Азырақ әзіл болды-ау көңіл ашар.
b2612719629
b2612719629дәйексөз қалдырды3 жыл бұрын
БИЛЕРГЕ
О, Жәлменде, Қожбанбет!
Естімеген елде көп.
Ебін тапқан епшілдер,
Биге де шығар екі жеп.
Көргендерің көп дейтін,
Айтыңдар енді ақ сөйлеп,
Не деген сұмдық мына кеп?
Бес қаруын асынып,
Төреге Тезек бас ұрып.
Тал түсте тартып әкетті,
Дәнекердей жеңгемді,
Жеті жендет басынып.
Қараң қалды, әнеки,
Асулы қазан, жағулы от,
Жиған жүгі шашылып.
Мұның бәрін сендерге,
Айтады Бақаң ашынып!
Ел сиынған екі би,
Тоқтат мына кеселді.
Телі тентек жүрмек пе,
Басып, жаншып осы елді?
Жан қысылған шақтарда,
Шарапатын көрмесек,
Не ғыламыз шешенді,
Ділмарсыған көсемді?
Аталы сөз аузымда:
"Мың асқанға бір тосқан",
"Ақтаған тары таусылар",
Ашындырса ол елді,
Ақиған көзі алайып,
Жұмылар да ашылар.
Қаһарға мінсе қалың ел,
Әуселесі басылар.
Күндердің күні болғанда,
Ойрандалып ордасы,
От, ошағы шашылар!
bookmate icon
Бір жазылыммен мыңдаған кітаптарды оқыңыз
Сіз кітапты емес, орыс тіліндегі ең үлкен кітапханаға кіру мүмкіндігін сатып аласыз.
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды