Жүсіпбек Аймауытов

Ақбілек

    Zhanibek Yeraliyevдәйексөз қалдырды3 жыл бұрын
    Ертегі емес, ертеде емес, ұзын да емес, келте де емес, қарапайым қара сөзбен бір әңгіме шертейін.
    Саним Амангазыдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Адам өлмек үшін туған.
    Asem Serikbaiдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Үйткені адам — айуанның айуаны ғой. Кімнің басына күн туса, соны табалауға, мұқатуға, одан әрі батпаққа батыруға құмартып тұрады: табаласа, аяғымен таптаса, сонда айызы қанады. Әсіресе, ел мақтаған, кірсіз адамды кірлеуге жаны өш болады. Үйткені кір көңіл адам кірсізді көре алмайды, күндейді; өзіндей қылуға тырысады.
    Aitkul Khuzhamuratovaдәйексөз қалдырды3 жыл бұрын
    Марқакөлді алқалаған, ақ ауылды Алтай елі.
    waikikishhдәйексөз қалдырды10 ай бұрын
    Шынында өлім деген, өмір деген немене? Адам өлмек үшін туған. Бүгін өлдің не, ертең өлдің не? Өмір — қабақтың қаққаны. Ендеше, аз күн тіршілікте өмірден қандай қызық, қандай ләззат болсын, алып қалу керек. Өлген соң түк те жоқ.
    Коркем Динбергендәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Өмір шіркін неден сонша тәтті болды екен!
    Акмарал Маханбетовадәйексөз қалдырды4 жыл бұрын
    Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме!..»
    Janserik Sengirbaevдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    жігіт деп отырғаны аузы түкті кәпір ғой! Әлгі дәретсіз, сүндетсіз, түрегеп сиетін, шошқа етін жейтін, арақ ішетін, темекі сасыған, елді қыран жапқандай қылып, қамшы, қылыш, мылтық ойнататын, мейірімсіз, шадыр мінез орыс осы емес пе? Шынымен сол орысты иіскегені ме? Шынымен ақ төсіне арам денені ойнақтатып, ашылмаған қауынын арам пышаққа жарғызғаны ма?
    Меруерт Тынышбекдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    .Есептескен дос болмайды»
    Қаламқас Даулетовадәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Жығылғанды жұдырықтау оған өнер, мақтан есепті көрінуші еді. Үйткені адам — айуанның айуаны ғой. Кімнің басына күн туса, соны табалауға, мұқатуға, одан әрі батпаққа батыруға құмартып тұрады: табаласа, аяғымен таптаса, сонда айызы қанады. Әсіресе, ел мақтаған, кірсіз адамды кірлеуге жаны өш болады. Үйткені кір көңіл адам кірсізді көре алмайды, күндейді; өзіндей қылуға тырысады.
    Қаламқас Даулетовадәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    , қарындастар-ай! Дүниеде сөз баққан адамның атағына қызықпағайсың! Өзіңді-өзің күң қыласың! Ой, балалар-ай! Дүниеде бойың өспей, бұғанаң қатпай тұрып, туған анаң өлмесін! Жас жүрегіңді қанды жаспен шер қыласың! Ой, көк өрім, жастар-ай! Көкірегіндегі жылы жүректі, бауырмалдықты кім берді саған? Әлдилеген, аялаған, аяған, бабың болып бағып-қаққан кім сені?— Ана, ана, мейірімді ана. Адамды сүйгіш, ар-ұятты, көргенді бала болсақ, әкемізге бір есе, анамызға он есе борыштымыз. Тәжім еттік бізді тәрбиелеген аналарға! Кеп жасасын аналар! Көсегесін көгертсін балалар!..
    b5594938279дәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Оқу — ақыл тілегі. Сүю — сезім тілегі.
    Диана Жанасбекдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Өмір сәнді, өмір қызық! Бәрі күлкі.
    Диана Жанасбекдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Дүниеде тағдыр бар, лажсыз өмірге қону бар: тағдырда бостандық, еркіндік деген жоқ.
    Газиза Гаппаровадәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Ақбілек бейнеттен, қорлықтан, күнәдан құтылып, сонау жеті қат көктегі ғарышқа апарып, жүрегін алтын ілегенге салып жуғандай, анадан жаңа туғандай тәрізді. Оның жүрегін жуып, тазартқан леген — аяулы жаны, Қаратаудай қайратты, ай мен күндей ғылым еді.
    Нурсауле Кожахметовадәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Адам өлмек үшін туған.
    Aitkul Khuzhamuratovaдәйексөз қалдырды3 жыл бұрын
    Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлі.
    b7200789922дәйексөз қалдырды13 сағат бұрын
    ашылмаған қауынын арам пышаққа жарғызғаны ма
    Bella Kimдәйексөз қалдырды17 күн бұрын
    ауылының тауына, жеріне жақындаған сайын таза жерді басуға өзінен-өзі ұялын, атылып өліп кетпей, қара мұрттың мылтығына бекер-ақ жармасқан екем деген өкініш пайда болды; ит жалап кеткен ыдыстай, өзінің денесін де, демін де арам деп білді...

    Осы арам демімен, арам аузыммен әкемнің иманды жүзіне қалай жақындармын, қайтып оны да арамдармын? Құдайдан қорықпай, оның құтты қадам мешіттей үйіне қалай кірермін? Кәпір сүйген, аймалаған аяғыммен жайнамаз салатын жерін қалай денем шімірікпей басармын? Көпірді құшақтаған арам қолымды қайтып әкемнің адал дастарқанына апарып, қайтып бір табақтан ас ішермін! Мұны бұрын ойласамшы! Бұларды есіме алсамшы! Шыбын жан құрғырды ойлай беріппін-ау... Япыр-ау! Бұлар мен туралы не ойлайды екен? Мені арамдалмай аман келді деп кім ойлайды дейсің? Әлде менің тірі қалғанымнан да өлгенімді тіледі ме екен? Кім біледі, сөйткен де шығар. Мені көргенде, «Пәленшенің орыс бүлдіріп... кеткен қызы» деп, кім көрінген ішінен ойлап тұрады-ау! Әлде біреу әкеммен, не өзіммен егескен күні айтып та салады-ау!..

    Ойбай-ау! Менің күйеуім ше? Ол енді менің маңыма жолар ма? Орыстан қалған салдаманды ол неғылсын? Тым болмаса бұзылмаған қаймағым, соған да бұйырмады-ау!.. Ол алмаса... онда мені кім алады? Мен бір ел-жұртқа әйгілі көзге шыққан сүйел болған екем ғой! Ақылымнан адасқан сорлы мұны білсемші!.. Кеше түнде арам денемді қасқыр боршалап неге жеп қоймады екен?!

    Мені көргенде ауыл-үйдің адамы үркіп тұрады-ау!.. Мен өзгердім ғой. Қатын болдым ғой, кәртайдым ғой; көзімнің алды көк таңба шығар; егім сылқылдап, денем бос қалған шығар; белім бүкірейіп, бөксем жалпиған шығар; аяғым талтаңдап, жүрісімне
    Bella Kimдәйексөз қалдырды17 күн бұрын
    дейсің? Ернім кезеріп, жатым суалған шығар: орыстың айнасына қарағанда, ажарым, тайған сықылды еді ғой. Жасыма жетпей кемпір қылды-ау, жасаған! Мен енді әкеме құрт аурудан жаман бір масыл болдым ғой! Өлмей менен құтыла алар ма?..

    Ей, тәңірім-ай! Осы келе жатқанда бір қазаға ұшырап кетсемші! Астымдағы ат омақа асып, астында тіл тартпай, қатсамшы! Немесе жер ойылып жұтып қойсайшы. Болмаса үстімізден қара бұлт төніп, нажағай соқсашы. Әйтпесе албасты басып тұншықтырсашы! Әнеугі қаңғып келген орыс енді келіп алып кетсеші! Ең болмаса, есімді біліп тірі барғанша, әкемнің алдына апарғанда, кірпігім қимылдап жатсамшы!
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды