bookmate game
Талап Сұлтанбеков

Ғажайып планета

  • Влад Хрусталёвhas quoted5 years ago
    тарихында тұңғыш рет жанды метеориттер жауынын көріп отырсыздар. Кибер, дереу биомагнитті іске қос! — деп дауыстап жіберді ол.
    Осы кезде Кибер астыңғы отсектен сүйретіп бірнеше сүлік тәріздес жанды заттарды әкеліп тастай салды.
    — Қастерлім, Туранов! Мен сіздің осындай бұйрығыңыздың болатынын алдын ала бал ашып біліп едім. Биомагнит сізге тамаша космос балықтарын ұстап берді. Кәнеки, ауыз тиіп көрелікщі,— деді ол.
    Экипаж мүшелері жапырлай жүгірісіп космос сүліктерін көре бастады. Мәриям резина қолғабын киіп те үлгеріпті. Жүгіріп келіп ұстай алды да, жиіркеніп тастай салды.
    — Кибер-ау, мына біреулерің ішке кірмей жатып өліп қалды ғой!
    Космос балықтары расында да тұяқ серіппей тарамысша тартылып қалды. Денелерінен жасыл сұйық бөлініп жатыр.
  • b6197182677has quoted2 years ago
    Биолог Туранов, сіз өз пікіріңізді кесіп айтсаңызшы, қараптан қарап отырып дағдарып қалдық қой. Осылай отыра береміз бе, жоқ әлде тысқа шығып өлеміз бе?

    «Байқоңыр-12» космос кемесінің командирі Елшібек Оразов креслода шалқалап жатқан биологқа осылайша шүйілді.

    Туранов көзін тарс жұмып сулық жатыр. Оның қалың ой арпалысында жатқанын сезу онша қиын емес-ті. Ол ақырын жыбырлап көзін ашты да, кеудесін көтеріп отырды. «Байқоңырдың» барлық экипажы мұны қаумалап тұр. Туранов алпамса денелі кең маңдай командир Оразовты, әншейінде талшыбығым деп әзілдейтін кеме дәрігері Мәриям Темірболатованы, конструктор-механик байсалды мінез Осиповты көз жүгірте шолып өтті. Бәрінің де жанарында бұлыңғыр үміт ізі. «Байқоңыр» болса космос әлемінің бір белгісіз түкпіріндегі әлдеқандай жұмбақ сырлы сарғыш планетаның тұтқыны. Кеме экипажының бұл планетаның үстіне шығу-шықпау жөніндегі айтыс-таласы, пікір алысуы бір тәуліктен бері толассыз.

    Экипаж мүшелері түгел дерлік шаршап-шалдыққан. Ойда жоқта кез болып, басқа түскен сергелдең бұларды
  • Меруерт Болаткызыhas quoted2 years ago
    Туранов көзін тарс жұмып сулық жатыр.
  • b9842345397has quoted2 years ago
    Байқоңыр» жүрісін баяулатып, орбита таңдай бастады. Жұрттың көзі дүрбілі иллюминаторда.

    «Байқоңыр» планетаның ең шеткі орбитасына еркін енді де, оның спутнигіне айналды. Сол кезде күтпеген жерден қызық құбылыстар басталды. «Байқоңыр» орбитаға түсісімен жан-жақтан метеорит тәріздес ұсақ денелер жауып кетті. Кәдімгі жер үстіндегі адамды бас салатын шыбын-шіркей тәрізді. Қозғалыстарында ешбір заңдылық жоқ. Жапырлап ұшып тұс-тұстан «Байқоңырды» соққылап құлап жатыр. Бірінші боп айқайлап жіберген кеме биологі Туранов болды.

    — Жолдастар, құттықтаймын мен сіздерді! Сіздер адамзат тарихында тұңғыш рет жанды метеориттер жауынын көріп отырсыздар. Кибер, дереу биомагнитті
  • Anora Abdurakhmanovahas quoted4 years ago
    Қаншалықты күштеніп қозғалғысы келсе де, жалғыз бақайына шамасы келмей жатыр. Қаны ұйып, жүрегі тоқтап қалған сияқты.
  • Райм Нишовскийhas quoted4 years ago
    «Байқоңыр-12» жүрісін баяулатып кібіртіктеп қалыпты. Бұған алдымен Кибер оянды. Ол жанұшыра жүгіріп, механик Осиповты жұлқылады. Әпсәтте бүкіл экипаж аяғынан тік тұрды. Осипов электрондық миды іске қосты.

    — Не боп қалды?

    — Жанар отын секциясында апат!

    — Хауіптілігі қандай?

    — «Байқоңырға» міндетті түрде қону керек!

    Оразов электрондық мидан координатты сұрады.

    Электрондық ми өз экранына космос картасын жайып салды. Экипаж мүшелері әлем картасына үңілді. «Байқоңырдың» келе жатқан жері от жебе болып жарқырайды, ұлан-асыр космос мұхиты. Галактикалық жеке-жеке жұлдыз жүйелері шоқ-шоқ болып шашылып жатыр. Оқта-текте космос аралдары жеке-жеке дөңбек оттар, құйрықты жұлдыздар көзге шалынады. Қайда тарту керек?!
  • Райм Нишовскийhas quoted4 years ago
    Биологтың көз алдынан кешегі бір ғажайып оқиға тізбектеліп өте шықты. «Байқоңыр-12» өзіне жүктелген тапсырманы ойдағыдай орындап, «Тұңғиық» жұлдыздар жүйесінен екпіндей көтеріліп, Орталық космос станциясының мекен-тұрағына қарата ақпа жұлдыздай заулап келе жатыр еді. Экипаж кемедегі жұмыстың бәрін автокосмонавқа жүктеп, үш айлық терең ұйқыға кеткен-ді. Мұндай алыс жолдарды космонавтар анабиоздық ұйқыда өткізеді ғой. Әйтпесе жүздеген жылдарға созылатын космостық саяхатқа олардың өмірі жете ме? «Байқоныр-12» кемесі мылқау тыныштықта космос әлемін тіліп үнсіз жүзіп келеді. Ең ақыры әзілқой Кибер де «шешініп» жатып қалған. Кенет «апат» аппаратының кернейі сарнап қоя берді.
  • Райм Нишовскийhas quoted4 years ago
    ың иығына қолын салып. (Оның әрқашан осылай сөйлейтін әдеті еді). Сіздер мына мен
  • b2848246850has quoted4 years ago
    ланетадағы фотосинтез процесі атмосфераның жоғарғы қабаттарында жүреді екен. Яғни біздің жер бетінде өсімдік топырақта өсіп-өніп, олар алуан түрлі формада табиғаттың, ауа райының ыңғайына қарай икемделсе, мұнда тіпті де олай емес.
  • b2848246850has quoted4 years ago
    Тек жалғыз Кибер ғана жабырқар емес.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)