bookmate game
ru
Міржақып Дулатов

Бақытсыз Жамал

Notify me when the book’s added
To read this book, upload an EPUB or FB2 file to Bookmate. How do I upload a book?
  • b4130058784has quoted9 years ago
    Cөз басы ............................................................................................................................................... 4
  • Anna Potehinahas quoted8 years ago
    Әдеби KZ
    Міржақып Дулатов - ағартушы, ұлт мүддесі, тәуелсіздік жолындағы жалынды күрескер, Алаш
    қозғалысының қайраткері болған азамат. Осы жолда ақындық, жазушылық аудармашылық,
    журналшылық қабілеттерін барынша пайдаланған. Алғашқы қазақ романы - «Бақытсыз
    Жамалдың» авторы. Жалынды үнге, жігерлі шақыруға толы «Оян, қазақ!» кітабын шығарып,
    қуғынға түскен.
    Бұл еңбекті белгілі әдебиет тарихын зерттеуші ғалым Ербол Тілешов: «Сөйтіп, Алаш қалам
    қайраткерлері қазақ әдебиетінің ұлт-азаттық идеяны мұра тұтқан ояну дәуірінің жаңа беттерін
    ашты. Бұл мазмұны жағынан да, бейнелеу мүмкіндіктері
  • Aidyn Rakhymzhanhas quoted8 years ago
    Өткен қыс шаруаға жеңіл болғандықтан мал күйлі, бие ішті болып, Көктал қыстаған
    Құрмандеген атаның ауылы жылдағыдан жайлауға ерте шығып еді. Екі ауылнай елдің жайлауы
    Саумал-көлге жағалай ауылдар қонып, былтырғы жүрттарына үй тігіп, көпұзамай бие де
    байлады. Қыстай бір-біріне араласпаған ағайындар сағынысып, қашаннан астас, тойлас болған
    ғадеттерінше бір ауылды бір ауыл ерулікке шақыра бастады. Бозбалалар аралап қымыз ішеміз
    деген болып, тәуір киімдерін киіп, жақсы аттарын мініп, қызды ауылды қырындап жүрулері
    көрініп, балалар да асау тайларын үйретпекке еді.
    Бір күні түс кезінде көлдің жел жағынан шаңдатып шауып келе жатқан бір орыс, бір қазақ
    көрінді. Балалар қашып үйге тығылып, үлкендер бұл екеуі қайда тоқтар екен деп тұрғанда,
    барды да Бекжан деген ауылнайдың үйіне түсті. Жарты сағат болмай-ақ, сол жайлаудағы елге
  • Ерса Асановhas quoted7 years ago
    Жамалдың жайын жаздық бұл кітапта

    Бақытсыз бір қыз екен осы шақта.

    Біреуге хас нәрсе емес һәм болған іс,

    Жайылған бұл бір ғұрып һәр қазақта.

    Айырсын оқушылар мағынасын,

    Жай ғана хикая деп қарамасын.

    Көрген кім шариғаттан деген сөзді:

    «Қор етіп әйел халқын аямасын».

    Сатады қызды қазақ мал орнына,

    Алмайды халал жұпты жар орнына.

    Әйелді хайуанға қисап етіп,

    Тұтады өзін ерлер хан орнына.

    Байқашы өзің-өзің отчет беріп,

    Бақытсыз Жамал қызды оқып көріп.

    Қазақтың һәр жерінде бар емес пе,

    Хисаплап уақиғаны көрсең теріп?
  • Даулетхан Кадирбекhas quoted4 years ago
    Ғаламды он сегіз мың жаратқан хақ,

    Көп беріп біреуге мал, біреуге бақ.

    Біреуді ғалым, біреуді залым еткен

    Біреуді мүңлы жараттың, біреуді шат.

    Тамаша аспан менен жері қандай,

    Зеңгір тау, дария шалқар көлі қандай.

    Орман-тоғай гүл енген бақшалары,

    Пайдаланған бұлармен елі қандай.

    Көзім тоймас қарасам тамашасын,

    Қисабына ми жетпей адасасың.

    Заң түзеп, закон жайып, патша отырып,

    Қараған ғаділдікпен қарашасын.

    Таласқан аспан менен таулар биік,

    Мекендер аю, қасқыр, марал, киік.

    Ұжмақтың шешмасындай бұлағына

    Кетпей ме қарап тұрсаң іштен күйік?

    Аспанда ай мен жұлдыз, күні қандай

    Қалғыған мұнарланып түні қандай.

    Суда балық, көлде кұс, тоғайда аңдар

    Шулаған неше түрлі үні қандай.

    Жаннаттай тамашалы жазы қандай,

    Келетін ұшып аққу, қазы қандай.

    Ескеріп өткен күнді кәрілері,

    Жастардың және де айтқан назы қандай.

    Сықырлап келіп қалған қысы қандай,

    Қар жауып, су қатырған мұзы қандай.

    Берген соң алла қуат жан сақтарлық,

    Жүреді мақұлықтар үсік алмай.

    Біз ғаріп сол панаңда саялаған,

    Дұшпандар рақымсыз аямаған.

    Жіберсең жалғыз тамшы рақматыңнан,

    Болса да құтылмаймыз қай арадан.
  • Даулетхан Кадирбекhas quoted4 years ago
    Бұлар үш күн қонып, қайтатын күні Ғалидың зиратына дұға қылмақшы болып келген еді. Молда құран оқып болған соң, Жамал Ғалидың қабірінің басын құшақтап отырып, көзінен жас ағызып сөйледі:

    - Ғали! Ғали! Бақытсыз Жамалың қасыңа келіп тұр, алла тағала маған сенің қабіріңді көрсеткенше, мені алғаны жақсы болатын еді, бірақ бұйрықсыз жан шықпайды екен. Дүниеде бірге рақат ғұмыр өткеремін, Ғали тұрғанда еш жаманға қор болмаймын дегенім тәкаппарлық екен. Алла қабыл етпеді, үмітім кесілді, Ғали. Қып-қызыл шоқтың ішіне тастап, алыс сапарға жөнелдің, өзің үшін қайырлы болсын! Мен сорлың кеудемде шыбын жаным барда сені ұмытпаспын. Дүниеде патшаның баласы болса да саған теңгермеспін. Қош жаным! Ғали! Бір мен үшін мейірбан ата-анаңды да көре алмай, қолдарынан топырақ салғыза алмай кеттің, кеш, жаным! Алла тағала ақиретте қосылуға несіп тілесін, сол уақытта ғана көрген қасіретім бір сағаттай болмай ұмытылар. Мен сорлың опасыз дүниеде қонақтай алмай адасып қалдым, қош, жаным. М... м... қош...о...ш,- деп Жамал талып кетті.

    Зират басындағы халық Жамалға су бүркіп, кішкене тәуір болған соң алып қайтты. Сонда да Жамалдың есі бүтін кірмей, әлденендей мағынасыз сөздер сөйлеп келе жатты. Зираттан қайтқан соң Бабастың үйіне келіп, енді жолаушылар қайтпақшы болды. Ғалидың ата-анасы үйіне кетіп, Жамалдың шешесі Жамалды өз үйіне алып қайтты.
  • Даулетхан Кадирбекhas quoted4 years ago
    Сөйле, тілім, шешіліп осындайда,

    Құрбылармен бір жерге қосылғанда.

    Отырмассың үнемі төрде бүйтіп,

    Еріксіз-ақ қоярсың тосылғанда. Емес пе едік, япырым-ау, кеше бала

    Білетұғын жастықпен есті шала.

    Белгісі жок екен ғой өткен күннің,

    Қатар түзеп қыз болдық, міне, қара!

    Қыз байғұс ел-жұртына келген қонақ,

    Мысалы, қызғалдақтай ғұмыры шолақ.

    Күн келер өз басынан ерік кетер, Қалалық осындайда күліп-ойнап.

    Сөйледі Ғали мырза жігіт жайын,

    һәркімнің халі өзіне тұрар дайын.

    Қыздарды жігіттермен салыстырып,

    Тыңдаңыз, мен азырақ сөз қылайын.

    Жігіттің еркі өзінде - жылдың құсы,

    Ұшса да, я келсе де отырғысы.

    Мысалы, жазы болған жаққа кетер

    Бір жердің қары жауып, туса қысы.

    Қыз байғұс қолға түскен сандуғаштай,

    Торында ғұмыры өтер кілтін ашпай.

    Сатады мал көп берген кісі болса,

    Кетеді жылап сорлы қарсыласпай.

    Рақым етпес және ата-анасы,

    Болса да жақсы көрген өз баласы.

    Теңіне қыздың көбі бара алмайды,

    Көнбеуге және дағы жоқ шамасы.

    Қалайша тұрсын енді жыламай қыз,

    Ерлерге қарсы келсек ұнамаймыз.

    Тұтқында өскен жандай дүние көрмей

    Жол іздеп ұлықтан ерік сұрамаймыз.

    Жаманға барсаң қор боп ғұмыр өтер,

    Ұстайды ол ақымақ күңнен бетер.

    Күн шығып, ай да туып, көз ашылып, Бұл қайғы қыз сорлыдан қашан кетер?

    Кісінің туып-өскен жері қымбат,

    Үйренген бала жастан елі қымбат,

    Ата-анаң, аға-жеңгең қадірлеген

    Тебіскен құлын-тайдай теңі қымбат.

    Тастайды осылардың қыз һәммәсін,

    Қор етіп бір жаманға ғазиз басын.

    Өзінің сүйгеніне бара алмаса,

    Қалайша енді олар сағынбасын.

    Қыз бермек пайғамбардың сүндетіндей,

    Ұзатпақ ата-анаң міндетіндей.

    һәркімнің өзіне ерік берген жоқ па,

    Алланың бұны дейміз құдіретіндей.

    Сөзімде қата болса сөкпе, халқым,

    Әшейін айтып өттім сөздің салтын.

    Тұрған соң көзің көріп қиянатты,

    Тартады уайымдап көңіл салқын.
  • Даулетхан Кадирбекhas quoted4 years ago
    Алланың рақматына созамын қол,

    Адасқан мен бір ғаріп таба алмай жол.

    Ашылып біздің басқа түскен тұман,

    Шаттықпен өткіз деймін - тілегім сол.

    Сыртым сау, ішім түтін қапалықта,

    Бұл күнде көңілім жүдеу, қасіретім мол

    Тереңге түсіп кетем, ұстар тал жоқ,

    Бір алла, жалғыз өзің жәрдемші бол!

    Бақшада сайрап жүрген сандуғаш ем,

    Кез болды мен сорлыға құрылған тор

    Көл болып көздің жасы өткенім ғой,

    Болмаса арылмаған маңдайда cop.

    Жайлаған аққу едім шалқар көлді,

    Бұл күні көрініп тұр жаман да зор.
  • Даулетхан Кадирбекhas quoted4 years ago
    Оралдың ілер деуші ем ақиығы.

    Шынымен жапалаққа болам ба қор?!

    Мен қайран атам малға сатқанына,

    Бір тазды жалпақ елден тапқанына.

    Аты өшіп тумай кеткір Жұман деген!

    Мал беріп, мені өзімсіп жатқанына.

    Атанып бай баласы қара басқыр -

    Жұманның не берерсің мақтанына?

    Қазақтың күллі ғайып ғадетінде

    Түскенім бар қасқырдың қақпанына.

    Атама мен не жаздым қор қылғандай,

    Болмаса бір мінезбен жақпадым ба?

    Жасымнан тәрбиелі хан қызындай,

    Қасірет ақырында тартқаным ба?

    Әлпештеп ұлдан артық қыз басымды

    Өсірген атама обал артқаным ба?
  • Арайка Ханскаяhas quoted4 years ago
    Өткен қыс шаруаға жеңіл болғандықтан мал күйлі, бие ішті болып, Көктал қыстаған Құрмандеген атаның ауылы жылдағыдан жайлауға ерте шығып еді. Екі ауылнай елдің жайлауы Саумал-көлге жағалай ауылдар қонып, былтырғы жүрттарына үй тігіп, көпұзамай бие де байлады. Қыстай бір-біріне араласпаған ағайындар сағынысып, қашаннан астас, тойлас болған ғадеттерінше бір ауылды бір ауыл ерулікке шақыра бастады. Бозбалалар аралап қымыз ішеміз деген болып, тәуір киімдерін киіп, жақсы аттарын мініп, қызды ауылды қырындап жүрулері көрініп, балалар да асау тайларын
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)