Көзіңізге қараңыз, аға! (Жанар)».
Бұл сөзді қайдан естідім деп көп ойландым. Қырсыққа толған хатыңды қара қостың жапсарына қыстырып кетпекке бекіндім де, іле бұл ойымнан қайтып, касетаны қалтама салдым. Сол аспан, сол тау, сол күн, сол жылымық. Бірақ бәрі-бәрі басқаша, өзгеше жат, өзгеше суық, жек көре, жиіркене қараймын. Ғажабы сол, мен осы күннен бастап «Жылымық» атты суретке деген сүйіспеншілігімді жоғалттым. Мүлдемге жоғалттым. Қабырғада қағулы, санаторийдің бөлмесінде қалды