kk
Пользователь Windows

Unknown

Notify me when the book’s added
To read this book, upload an EPUB or FB2 file to Bookmate. How do I upload a book?
  • Жансая Қасымқызыhas quoted4 years ago
    Махаббат дегенің өзі сенің ақыл-ойыңдағы, көңіл-көкірегіңдегі, жүрегіңдегі күллі шектеулер мен бөгеттерге еш аялдамастан-ақ бұзып-жарып өте шығатын зат екен ғой.
  • Әсемhas quoted3 years ago
    Әрқашан адам баласынан гөрі өз ақылыңды артық қастерле! Бірақ, махаббаттан өзге де мақсатың мен арман-мүддең болсын. Махаббатты еркіне жіберме, оған шек қой!...
  • Әсемhas quoted3 years ago
    Адам баласы сенімін жоғалтып, амалы таусылғанда үміт пен сенімнің болмашы шырағы жылт етсе де көңіл-күй шіркін алай-дүлей болып сала береді екен.
  • Әсемhas quoted3 years ago
    екі бөлек адам қалайша осылай үйлесім табады деп ойлаймын, Иренэ».
  • Равиль Ашығалиевhas quoted4 years ago
    Оның жұмыс бөлмесіне кірдік. Пеште от жанып тұр екен. Гэнри мұң торлаған қара көзін маған қадап тұрып:

    - Иренэ, сен екеуіміз мәңгілікке айырылысып барамыз. Бәлкім...

    Екеуіміздің маңдайымызға жазылған тағдыр шығар – деді.

    Мен үнсіз ғана бас изедім
  • Равиль Ашығалиевhas quoted4 years ago
    Сонымен, бір кеште онымен оттың қасында отырып, бар дәрменімді салып сұрадым: «Гэнри, егер мен сені сүймей қалдым десем, қайтер едің?». Ол менің көзіме жылы сезіммен қарады да «Мен сенбеймін» деді...
  • Равиль Ашығалиевhas quoted4 years ago
    Әдетте жұрт айтып жатады ғой, уақыт бәрін емдейді деп. Бұл заңдылық маған жүрмеді. Жылдар лек-легімен қаншама рет ағып өтсе де, мен Гэнри Стаффордқа әлі ғашық қалпымдамын. Қазір де сүйемін. Ол қазір бақытты. Оған бақытты мен әпердім. Бар болғаны, осы. Мені некелі күйеуін сатып алған деп сөгетін жандардікі де дұрыс шығар. Расында, мен оның өмірін, бақытын өзімде қымбат не болды, соның бәрімен өтеп, сатып әпердім ғой. Мен Гэнриді сүйемін. Егер құдай маған бұл өмірге қайтадан келіп өмір сүруге мүмкіндік берсе, осы жасағандарымның бәрін де еш күмәнсіз қайталайтындығыма сенімдімін.
  • Равиль Ашығалиевhas quoted4 years ago
    Үйде әрдайым жалғыз боламын. Гэнридің күлімсіреген суреті үнемі үстелімнің үстінде тұрады. Суреттің артындағы "Иренэ жаныма. Гэнри. Әрқашан мәңгі» деген жазуы да сол қалпында. Шаршаған кезімде мен үстелдің алдына тізерлеп отырып алып, суретке ұзақ қараймын...
  • Равиль Ашығалиевhas quoted4 years ago
    Мен саған кінә артпаймын, жамандаудан да аулақпын, Иренэ. Анау бір мейрамханадағы оқиға... сен өзің де аңғармаған еріктен тыс жындылық шығар, қалай болғанда да сол кештегі әйелді мен сен деп ойлай алмаймын.

    - Мүмкін, солай шығар... Гэнри... – деп, сыбырладым, шыдай алмай.
    - Ол сен емессің. Мен сені үнемі сүйкімді болған кездеріңмен ғана

    жүрегімде сақтаймын – деп, Гэнри бір сәт үнсіз қалды. Мен бұрын-соңды оның дәл осылай таусылып, үнсіз мұңайғанын көрмеген сияқтымын.

    - Өмір жалғасады. Мен басқа әйелмен... сен өзге жігітпен тұрмыс

    құрасың... бәрі өткінші ұмытылады – деп, сөзін жалғап, қолымды қысты да: - Десек те, екеуіміз өте бақытты едік қой – дегенде көзіне жарық шағылысты.

    - Иә, Гэнри! – дедім, мен салмақты кейіппен.
    - Сен сол кезде мені сүйетін бе едің, Иренэ?
    - Аһа, ғашық едім.
    - Бірақ, ол дәурен де өтіп кетті... мен сені қалай да, ешқашан да ұмытпаймын, Иренэ. Оған дәтім жетпейді. Сені есімде сақтаймын...
    - Сөйтерсің, Гэнри жаным! Кейде есіңе алғайсың!
    - Сен бақытты боларсың, ия, Иренэ? Сенің бақытты болғаныңды қалаймын.
    - Иә,Гэнри!

    - Мен де. Бәлкім, сенімен тұрғандай зор бақытты болармын ба. Бірақ, екеуіміз де енді кері бұрылып қарай алмаймыз. Адам алға қарап өмір сүруге тиіс! Мені бір сәтке болса да еске аласың ба, Ирэнэ?

    - Иә, еске аламын, Гэнри.

    Оның қос жанарын қараңғы мұң торлап алғанын көрдім. Мен еңсемді тіктеп, қолымды Гэнридің иығына қойып тұрып, байыпты әрі өркөкіректеу үнмен былай дедім:

    - Гэнри, сен бақытқа лайықсың! Қуатты әрі өр өмір сүруге тиіссің. Мұң мен өкінішті жеңе алмайтын жандар ғана соған сай ғұмыр кешеді. Сен күлімсіреп шаттықпен өмір сүруге жаралған жансың.

    - Солай ғой. Дұрыс айтасың... Барлығы жақсылықпен аяқталсыншы!

    Жаманшылықтың болмағанына қуанамын.

    Гэнри тағы да үнсіз қалды да сәлден соң:

    - Иренэ, жаным, қош аман бол! Сен екеуіміз енді, бұл дүниеде кездесуіміз екіталай шығар – деген еді. Қазір де анық есімде.
    - Өмір қысқа ғой, Гэнри! – дегенімде қалшылдап кеттім де: - Бірақ, қайдан білейік, алпыс жасымызда да кездесіп қалуымыз ғажап емес қой – деп, асыға тіл қаттым. Гэнри күлді:

    - Әбден мүмкін! Екеуіміз осы кезімізді еске алып күліп отыратын шығармыз.
    - Иә, Гэнри! Екеуіміз күліп отырармыз.

    Оның еңсесі түсіп, қолымды сүйді. «Ал, бара ғой, жолың болсын! Сен менің өмірімдегі ең қымбат құндылық едің ғой, Ирэнэ!» деп бәсең үнмен өте анық сыбырлады. Басын көтеріп «Маған ақырғы рет бір ауыз сөз айтпайсың ба?» дегенінде оның көзіне тік қарап тұрып, шын көңілмен жауап қатқан едім: «Мен сені құлай сүйдім ғой, Гэнри!».
  • Равиль Ашығалиевhas quoted4 years ago
    Мен оған қол тигізуге батылым бармады. Қолымды ақырын ғана жастығының үстіне басының қасына қойдым. Тізерлеп отырып, ернінен құшырлана сүйгім келді. Гэнриді оятып алмау үшін зорға шыдап отырдым. Қолын алып, өз ерніме тигіздім. «Гэнри... Менің не істегенімді сен ешқашан білмейсің...білуге тиіс емессің... Бақытты өмір сүр! Мен өзіммен бірге бір ғана нәрсені әкетемін. «Мен Гэнриге ғашық едім» деп айтуға қақым бар, соны ғана өзімде қалдырамын, алып кетемін» деп баяу сыбырладым.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)