kk
Free

Т.Буркхард. Шығыс пен батыстың киелі өнері: ұстанымдар мен тәсілдер

167 printed pages
Have you already read it? How did you like it?
👍👎

Impressions

  • b0240350705shared an impression2 years ago
    👍Worth reading
    🐼Fluffy

Quotes

  • b0240350705has quoted2 months ago
    Әйтсе де, концентрлі (бір орталық нүктелілік) жоспар-жоба ислам архитектурасына жат емес, күмбезді кесененің тұрқы сондай. Мұндай жобаның прообразы — түпкі бейне-үлгісі византиялық, азиялық өнерде бар, ол Көк пен Жердің одағын бейнелейді: ғимараттың тік бұрышты қабырғалары жерді, ал шеңберлі күмбез Аспанды білдіреді. Ислам өнері мұндай үлгіні қарапайым және айқын бейнеге келтіріп, өзіне икемдеп алған, текше тәріздес негіз бен үшкілдеу күмбез арасында, әдетте, сегіз бұрышты орам болады. Мұндай ғимараттың өте жоғары дәрежедегі кемел және айқын пішіні аса үлкен шөлді ландшафттың үстінде әмір жүргізіп тұрғандай болады. Киелі адамдардың бірінің кесенесі ретінде ол шынында да дүниенің рухани орталығы болады.
    Ислам өнерінде өзін айқын аңғартатын геометриялық даналық ислам ойының мифологиялық емес, абстрактілі сипатынан тікелей өрбиді. Оның үстіне, Бірліктің күллі ішкі күрделілігін көрнекі жүйеге түсіру үшін — бір ғана және бөлінбейтіннен "Көпшілік түріндегі Бірлікке" немесе "Бірліктегі көптікке" көшу үшін - шеңберге қамаулы дұрыс геометриялық сұлбалар қатары немесе дұрыс көпқырлылардың шеңбер ішінде орналасуынан артық символ жоқ.
    Тік бұрышты қабырғаға сүйеніп, онымен түрлі амалдар арқылы бірігіп тұрған күмбездің архитектуралық мотиві Кіші Азияның ислам елдерінде молынан тараған. Осы стиль кірпіштен құрылыс салу өнеріне негізделген Шамасы, готикалық архитектура өзіне тән ақылмен көру рухының арқасында бастапқы импульсті осыдан алса керек.
    Көшпелі халықтарға тән ырғақты сезіну қасиеті мен геометриялық даналық — рухани дәрежеге көшірілген осы екі діңгек — күллі ислам өнерінің сипатын көрсетеді. Көшпелілердің ырғақтылығы өз ықпалын христиан трубадурларына дейін тигізген араб просодиясында өз болмысын мейлінше ашық көрсетеді, ал ақылмен көргіш геометрия — мұсылман әлемі қалдықсыз қабылдай алған пифагорлық мұраның көрінісі.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)