«Әңгімелер, ертегілер» (Ыбырай Алтынсарин) кітабынан алынған дәйексөздер

Жумабаева Алуа
Жумабаева Алуадәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
ӘДІЛДІК
Хусейін қазының терезесінің түбіне келіп, екі жаман киімді тіленші:
— Құдай үшін қайыр беріңіз, — деді.
— Құдай өзі берер, барыңыз, — деді қазы.
— Пайғамбар ақы үшін.
— Ей, тіленшілер, енді басымды ауыртпай кетіңіз, — деп ашуланып, қазы оқып отырған кітабын жерге атып ұрды.
— Аһ, қазы, бейшарашылыққа бір нәрсе берсеңші,— деп тіленшілер кетпей, жылап тұрды.
Сонда қазы ыза болып, ұшып тұрып, жұмыскерлерін шақырып бұйырды:
— Мынау бір-екі қыдырыңдыны зынданға тастаңыз, — деп. Бірақ ол арада тіленшілер жоқ болып кетті.
Мұнан соң үш күн өткен соң, қазыға көп қонақтар келіп, той болды. Қазының үйінің іші жарқыраған алтын, шамасыз сәулет, өзі терезесін ашып, сол терезе түбінде мүфтимен12әңгімелесіп, көзін Бағдаттың қаласына салып отыр екен. Сол уақытта терезе тұсына ана -күнгі екі тіленші тағы келді.
— Қуаныштарыңыз қайырлы болсын, қазы, осы қуаныш үстінде бізді де бір нәрсе беріп қуантыңыз, — деп жылап тұрды.
Сонда қазы қасындағы мүфтиге айтты:
— Осы екі қыдырыңды тіленшілер екінші рет келіп беймаза етеді, қалипа қазіреті осындайларға жаза бұйырмайды. Сөйтсе де, бұл жолы бұйрықсыз да болса, осы екі тіленшіні ұстатып, кісендетемін, Бағдаттай қаланың сынын бұзып, қыдырып жүрмесін, — деп, адамдарын шақырды.
Сол уақытта екінші тіленшінің өздері де үйге кіріп келіп, үстіндегі ескі киімдерін тастап, біреуі айбатты дауыспен ақырды:
— Қазы, мен сені қазы қойғанымда: жұртқа қайырлы, байға, жарлыға бірдей, ақ -сарағат би болар ма екен? — деп үміт етіп едім, бұл жаңылысыма тоба қылдым. Жапар! Мынау оңбаған құртты алып, әділдікпен жазасын бер, жұртым көріп - білсің патша құрығы ұзын екенін, ерте ме, кеш пе қылған жамандық патшаға білінбей қалмайтынын, білінсе үлкен-кішілікке қарамай, жаза тартатынын, — деп.
Жиылған қонақтар бұларды танып, аяқтарына құлап жығылысты. Тіленші болып келіп жүрген Һарунрашит деген қалипа патшасы, қасындағы Жапар деген уәзірі екен.
b0397215201
b0397215201дәйексөз қалдырды3 ай бұрын
Сені де Құдай-Тағала бос жүруге жаратпаған, жұмыс істеуге әдеттену керек, — деді.
bookmate icon
Бір жазылыммен мыңдаған кітаптарды оқыңыз
Сіз кітапты емес, орыс тіліндегі ең үлкен кітапханаға кіру мүмкіндігін сатып аласыз.
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды