kk
Free
Жұмағали Саин

Жол үстінде

  • b5094119585has quoted2 years ago
    Күн бата қаланы қызылдар алды. Ақтардың біразы қашып, қалғаны қолға түсті. Мен
  • b5094119585has quoted2 years ago
    Баланы жас десеңіз де, оның жүрек сезімімен ойнамаңыз! Бала жүрегі үй ішіндегі өмір белгілерінің бәрін де сезеді. Бала өз жүрегімен сөйлесе біледі. Бірақ, ол жүрек сезімін ақылмен қорытып, сізге айта білмейді.
  • venera1204has quoted5 years ago
    ДАЛАДАҒЫ ОТ
    Түн еді. Желсіз тынық жазғы түн бұл жақта қандай керемет!.. Мен көрген сайын сұқтанамын. Адам тілі тұрсын, ұлы суретшінің ұшқыр қиялы, шебер қолы жеткізе алмас Көкше түнін, оның тамаша келбетін мен тек үнсіз, жүрекпен ғана ұғынатын тәріздімін.
    Рас, Көкше түнінде айырықша сыр бар, оның келбеті ерекше сұлулықтың аса нәзік, аса абзал кейпін көз алдына тарта қояды. Ұйықтап кетіп кенет көзіңді ашсаң саған қою қара кірпіктерін төгілдіре, қадала қарап дәл жаныңда адам айтқысыз бір сұлу қыз тұрғандай... Жоқ! Көкше түнін сұлулар тәңірісімен де салыстыруға болмайды, бұл болымсыз, өте ескі, әлсіз теңеу...
    ...Кешке қарай күн аспанда ақырын жылжиды, күндіз оқтын-оқтын соғып тұрған жел өз-өзінен жуасып, майда ғана қоңыр самалға айналады, сөйтеді де бірден тына қалмайды, кең даланы қаптай өскен көкпеңбек егін салаларын үрлеп толқыта ойнайды, егінжай сыбырлап толқып, теңселеді, дәл осы кезде ұшы-қиыры жоқ егіс даласы көк теңізге ұқсап сабырмен шайқалып, тербеліп тұрғандай болады... Жол бойындағы бұталар анда-санда сілкініп, жапырақтары суыл қағып назданады, әлсін-әлі ұшып-қонып «шықылық» қағатын торғайлар әлдеқалай дамыл тапқандай тына қояды, сен де машинаның жүрісін
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)