bookmate game
kk
Free
Шерхан Мұртаза

Қызыл жебе. IV кітап

  • qassymmhas quoted6 years ago
    Әурелікке жаралған фәни адам,
    Бақ пен сордың арасы — бір-ақ қадам!
  • b9236310781has quotedlast year
    Шалқайғанға — шалқай, пайғамбардың ұлы емес. Еңкейгенге — еңкей, әкеңнен қалған құл емес! —
  • Еркежан Молдаханhas quoted2 years ago
    Екі ойшыл кездескенде әңгіме шіркін әрленіп, өңі кіріп, сөзге жан біткендей, қос құлагер шапқандай, ақыл-ойдың кені ақтарылғандай болмақ қой.
  • b3265737560has quotedlast year
    Жазатыным бар, Тұрар аға. Басқалары бір төбе, кесірінен сақтаса, жазарым бір төбе. Ол — Абай туралы керемет хикаялар көкірегімде сайрап тұр. Абайдың ар жағында — қазақ, қазақтың бүкіл болмысы тұр. Бұл ғұмырда көретін қанша жарық сәулем бар — бәрін соған арнамақпын, Тұрар аға. Абай — менің Тәңірім, Абай — менің бүкіл өмірімнің мәні, Абай — менің ғашығым. Құдірет о басында кеудеме иненің жасуындай сәуле ұялатқаны рас болса, бәрін сарқып Абайыма бермекшімін.
    — Тіршілік болып, сенің сол шығармаңды оқуға жазсын, — деді Рысқұлов. — Абайды Тоғжановтар жау көріп, жат санап жүргенде, сен дос көріп, пір тұтып, оның ұлы аруағын тірілтпек талабыңа гүл бітсін, Мұхтар. Абай сияқты арысы бар елдің — ырысы бар. Абай барда әлем алдында қазақтың жүзі төмен болмайды. Жетесіз жандар соны түсінбейді. Түсіне тұрып қараласа, күнәсі екі есе ауыр. Сол күнәкар сорлылардың күнкөріс үшін арын сатқан құлқыншыл көмейіне құм құятын сен бол, Мұхтар
  • b3265737560has quotedlast year
    Еліңнің трагедиясы теңдессіз, — деп жалғады ойын Рысқұлов. — Омыртқасы опырылып кеткендей, ал бірақ омыртқа да орнына келер-ау, ең сұмдығы — рухы сынбасын де. Халыққа рух беретін сен, сен сияқты жазушылар. Рухынан айрылған халық, — мүлде өлген халық. Сондықтан сен ең алдымен керексің халыққа. Әттең, сендейлер аз, бірен-саран.
  • b3265737560has quotedlast year
    Тағдырдың жолы сан тарау. Әр істің себебі бар. Сан тарау жолдың қайсысына түсерің сол себепке байланысты
  • b3265737560has quotedlast year
    Асылы, аз өмірдің әр таңын, әр сағатын асыға күту де абзал шығар. Әйтпесе, уайымсыз, күтусіз, сағынусыз өмірде не мән бар...
  • b3265737560has quotedlast year
    Қинамайды, абақтыға жапқаны,
    Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
    Осылардың бәрінен де сұмдығы —
    Өз аулымның иттері үріп, қапқаны
  • b3265737560has quotedlast year
    Моңғол бауырлар! Моңғол халқы — революцияда жеңіске жеткен батыр халық. Ал сол батыр халықтың өкіметі қазір міне, қызыл байрақ көтеріп отыр. Ендеше, астана аты Қызыл Батыр — Ұлан-Батор болсын! — деді.
    Ұсыныс дауысқа қойылғанша-ақ дүйім халық орындарынан өре тұрып, қол шапалақтады.
    — Ұлан-Батор! Ұлан-Батор!
    — Жасасын Ұлан-Батор!
    — Ураай Ұлан-Батор! Қызыл-Батыр..
  • b7888597300has quotedlast year
    Қайтар едім, жолым жоқ,
    Сулар буған жолымды.
    Жұлдыздардан көпір салар ем,
    Бұғаулады жазмыш қолымды.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)