bookmate game
kk
User1

Unknown

Notify me when the book’s added
To read this book, upload an EPUB or FB2 file to Bookmate. How do I upload a book?
  • b7364756823has quotedlast year
    Ал өмірде ғашықтық сынынан қиын сын бар ма
  • b7364756823has quotedlast year
    — Махаббат, адал сақтай білсең, тот баспайтын, інжу сәулесін құлпырта түсетін бір гауһар тас. Кір жұқтырсаң, ол гауһар тастың қандай қасиеті қалады?
  • b7364756823has quotedlast year
    Ғашықтық тек махаббатта ғана еместігіне шек келтірмедім
  • Улжалгас Турманганбетhas quoted2 years ago
    Дәреже адамға ақыл бермесе де, ақылды болып көрінетін әдет береді деген шын секілді
  • Кожабике Дуйсембаеваhas quoted3 years ago
    Аттила, Шыңғысхан, Ақсақ Темір, Наполеон, Гитлердің адам баласына әкелген бақытсыздықтарын төгілген көз жасы арқылы бағаласақ, бүкіл әлем жүзін сел жабар еді. Осының бәріне негіз — адам баласының бірін-бірі аямаушылық, өз басын өктем ұстаудан туған қаныпезерлік, айуандық...
  • Кожабике Дуйсембаеваhas quoted3 years ago
    Бақытсыздық қайдан туады?

    Адам өз тағдырына өзі қожа дейді кейбіреу, олай болса, бақытсыздық қайдан туады? Кісі өзіне-өзі қастық ойлай ма? Бақытсыз болғысы келе ме? Ауру-сырқау Аяужан сынды кездейсоқ апатқа ұшырау бір басқа. Бұл адамның дегенінен тумайтын бақытсыздық. Бақытсыздықтан гөрі, бұл трагедияға, қайғылы халге ұқсайды. Ал шын бақытсыздық ол бөтен, ол — адам баласының өзі тудыратын жауыздығында, қатыгездігінде... Мансапқорлық, баққұмарлық, осыдан туған жауыздық, жан түршігерлік қатыгездік көне заманнан бастап біздің дәуірімізге дейін бір адамды ғана емес, сан ұрпақты, миллиондаған халықты қан жылатып, бақытсыздыққа ұшыратқан жоқ па?
  • Кожабике Дуйсембаеваhas quoted3 years ago
    Бірақ жүрек деген бір асау тұлпар емес пе, оның үркуi де, алып қашуы да жеңіл. Сонда оны немен тоқтатасың? Өз бетімен ала жөнелген жүйрiкке қандай қыл арқаның бар? Қазақ: «Балығы жоқ көл қадірсіз, шөбі жоқ жер қадірсіз, ұяты жоқ қыз қадірсіз, жігері жоқ жігіт қадірсіз» дейді. Тұрақсыз болуы да адамның жігерсіздігінен, табансыздығынан. Сондықтан адам ең алдымен табандылықты арман етуі керек. Сонда сенің махаббатыңды да еш дүлей күш жеңе алмайды. Арамдық та, зұлымдық та. Қыз ұятын сақтаса, жігіт бір мінезділігін сақтауы махаббаттың тазалығына керек қасиет. Сөйтсең ғана махаббат та адал сақталады. Тек сол бір мінезділікке екінің бірінің күші жетер ме?»
  • Кожабике Дуйсембаеваhas quoted3 years ago
    Адам неге тұрақсыз болады екен? Жоқ, адам емес, махаббат тұрақсыз секілді... Тұрақсыз затта құн жоқ. Сонда махаббатта да құн болмағаны ма? Жоқ, бұның бәрі де бекер ұғым. Тұрақты адамның махаббаты да тұрақты. Адам өз басының келешегін басқа жәйттен көрмеу керек. Асқар таудың басына ақша бұлттар ұяласа, ал асыл адамның басына айнымас табандылық біту керек. Сонда ғана махаббат тұрақты болады.
  • Жанар Шаменоваhas quoted4 years ago
    Біздің алдымызда қалған арман тек осы ғана. Бұл арманға жететінімізге де мен қатты сенем, өйткені біз шын ғашықтар өтетін сыннан өттік. Ал өмірде ғашықтық сынынан қиын сын бар ма?
  • Жанар Шаменоваhas quoted4 years ago
    Өзімнің осындай ауыр сынды махаббатқа ие болып, оның ауыртпалығын жеңіп шыққаныма қуандым. Дүниедегі ең бақытты адам екенімді ұқтым.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)