kk
Free

Макс Вебер. Әлеуметтанушылық және экономикалық ғылымдағы "бағалаудан бостандықтың" мағынасы

73 printed pages
Have you already read it? How did you like it?
👍👎

Quotes

  • Мадияр Тажибайhas quoted7 years ago
    ӘЛЕУМЕТТАНУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАҒЫ "БАҒАЛАУДАН БОСТАНДЫҚТЫҢ" МАҒЫНАСЫ
    Бағалау деп бұдан былайғы жерде (басқа бір нәрсе тікелей айтылмаған немесе бесенеден белгілі болмайтын жағдайлардың бәрінде) біздің қарекеттеріміздің ықпалы тиетін құбылыстарға жазғыруға немесе мақұлдауға лайық нәрсе ретінде "практикалық" баға беруді айтамыз. Белгілі бір ғылымның осы тектес баға беруден "бостандығы" проблемасы, демек, осынау логикалық принциптің маңыздылығы мен мағынасы біз қысқа да болса тоқтала кету қажет деп санайтын басқа бір мәселеге тіпті де ұқсас емес. Әңгіме университеттік сабақ беру барысында белгілі бір этикалық көзқарастарға, мәдени мұраттарға немесе басқа да дүниетанымдық принциптерге негізделген өзіңнің практикалық баға беруіңді "мойындау" керек пе деген мәселе туралы болып түр. Бүл мәселе ғылыми пікірталас пәні бола алмайды, өйткені ол сұрақтың өзінің табиғаты жағынан толығымен практикалық баға беруге тәуелді және нақ сондықтан өз шешімін табуға жол бермейді. Бірқатар әрқилы көзқарастар бар (біз бүл арада олардың тек шетіндерін ғана қозғаймыз):
    а) бірінші көзқарастың жақтастары таза логикалық тұрғыдан қарастыруға болатын және таза эмпириялық проблемаларды практикалық, этикалық және дүниетанымдық баға беруден шынында да бөліп тастау керек, бірақ, соған қарамастан (немесе, бәлкім, нақ сондықтан), екі категорияның да проблемалары университеттік оқытуда орын алуға тиіс деп топшылайды;
    ә) бұған қарама-қарсы көзқарас бойынша, тіпті егер аталған бөлініс қисындық жағынан дәйекті жүргізіле алмайтын болған күннің өзінде, университеттік білім беруде практикалық баға берудің барлық мәселелері оқыту процесінен мүмкіндігінше алынып тасталуы тиіс.
    "Ә" пунктінде келтірілген көзқарасты өз басым қабылдауға болмайды деп санаймын. Маған ең алдымен біздің ғылымда жиі жасалатын нәрсе - практикалық баға беруді "саяси-партиялық " және өзге сипаттағы баға деп бөлу, тек тыңдармандардан оларға сіңірілетін көзқарастардың практикалық маңызын жасырып қалуға ғана бағытталған бөлу одағай нәрсе болып көрінеді. Профессорлық кафедра туралы "бөліп-жармау құжырасы" ретіндегі түсінікке, демек, "қызу" пікірталастар отына май құятын мәселелерді аластау қажеттігі туралы көзқарасқа келер болсақ, онда бүл көзқарас (егер лекцияларда жалпы баға беруге жүгінсек) таза бюрократиялық сипатқа ие және әрбір тәуелсіз оқытушы одан бас тартады. Эмпириялық зерттеулерде практикалық баға беруден бас тарту мүмкін емес деп білетіндердің ішінде ең ыңғайлылары өз пікірлерін айтқанда тізгін бермей кететін ғалымдар, мысалы, Трейчке, ішінара Моммзен болатын. Өйткені нақ эмоциялық екпін тыңдарманға өз кезегінде оқытушының субъективті болып келетін бағасы оның баяндауына қай шамада едәуір бұлдырлық енгізетінін бағалауға, яғни оқытушының темпераменті табиғатына көне қоймайтын нәрсені оның өзінің жасауына мүмкіндік береді. Сол арқылы шынайы пафос өзінің жас жандарға ықпал күшін сақтайды, ал мұның өзі меніңше, университеттегі сабақта
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)