kk
Free
Шерхан Мұртаза

Дәрігердің үшінші қаруы

  • dinmelskyzyhas quoted4 years ago
    Үміт қой. Адамға адам жақсылық тілеген үміттер көбейе берсе ғой, шіркін. Үміт пен арман алдыңнан шығып, ұдайы қол бұлғап тұрады. Ол періштедей көзге көрінбей, мен мұндалап алға жетелей береді. Аспандағы ай мен күндей арман да мәңгілік, ол еш заман өлмейді.
  • dinmelskyzyhas quoted4 years ago
    Адамның жолы күннің жолына ұқсайды деседі. Адамның да арайлап атқан таңы бap, еңкейіп еңіске түскен кезі де бар. Жолдар ұқсас. Бірақ әркімде күннің нұры, күннің дарқандығы, күннің жомарттығы бар ма?
  • dinmelskyzyhas quoted4 years ago
    Шынымен, жасыған көңіл жадырай ма? Шынымен, солған өмір қайта көгере ме екен? Адам аяғынан айырылады екен, қолынан айырылады екен, адам ажардан, сүйікті жардан айырылады екен, адам от басынан, ошақ қасынан, басқа түссе бақытынан айырылады екен. Бірақ арманнан айырыла алмайды екен. Мен осы уақытқа дейін ауа жұтып, жарық дүниені терезенің бір қиығынан болса да көріп жатсам, оным осы арманның арқасы
  • Aidana Kuishinovahas quoted7 years ago
    Әңгіме
    — Көктоғайға самолет қашан ұшады? — деген дауыс естілді. Отырғандардың барлығы касса жаққа бұрылды.
    — Ауа райы жоқ, — деді касса ішінен әйел дауысы.
    Осы сұрақ пен осы жауап үш күннен бері сан рет қайталанды. Жұрттың бұған құлағы үйренгені сонша, сұрақтың орынсыз екенін де елемей, бұрынғыдай сыбыр-сыбыр сөз етуді де қойды.
    Кассаға қайта-қайта барып, Көктоғай самолетінің жайын тынбай сұрап жүрген жігіттің жеңіл қол чемоданы менің жанымда тұр. Ол касса алдынан қайтып келіп, терезеге көз тікті. Дала күңгірт еді. Боз боран адам еңсесін басады. Жігіт сол боз перденің ар жағынан әлденені зарыға іздегендей, қар суырған далаға қиыла қарайды. Көзілдіріктің ар жағындағы қос жанардан жас шығып кетер ме екен деп те қаласың. Оның Көктоғайға ұшып кетуге ынтызарлығын айтып жеткізгісіз.
    Ал аэродром алаңында фюзеляждарын көк брезентпен тұмшалап тастаған самолеттер аузына ат дорба ілген тұлпарлардай үнсіз тізіліп тұр. Боранға жон арқасын тосып ықтап тұрған сияқты.
    Әлгі жігіттің көзілдірікті көзі алыстағыны көре алмайды. Дөңес шыныдан жанары жансызданып, ерекше аларып көрінеді. Мұрны таңқылау, өңі қара бұжыр, сырт көрінісі күйкілеу, көзге қораш еді. Бірақ қазіргі терезе алдында тұрған қалпын көріп: «Осының өзі ақын емес пе екен» деген ой басыма келе қалды.
    Кейіннен сөйлесе келсек, ол дәрігер екен, Көктоғай аудандық ауруханасының осында командировкаға келіп, енді қайта ауданға ұша алмай отырғанына бүгін үшінші күн екен.
    Күн ашық-жарық болса, Көктоғай самолетке қырық бес-ақ минуттік жол көрінеді. Ал Арқаның ақ бораны ұшы-қиырсыз аспан аясымен жер үстінде ойнақ салғанда, Көктоғайға самолет ұшпайды, машина тіптен баспайды. Ол жаққа қарай темір жол жоқ.
    Жол жүргенде күткен жаман. Үйден бір шыққан соң тезірек жүріп кеткін келеді. Ал қыстың зікір салған долы дауылында аэропортта қамалып отырғаннан азапты нәрсе жоқ сияқты. Бұл сезім маған белгілі. Әйтседе, көрші отырған жігітке самолет күту
  • Aruzhan Kanathas quoted2 years ago
    қимылдайтын оң қолының шидей саусақтарын
  • Айжанhas quoted2 years ago
    . Пышағы — хирургтің қандауыры, дәрі-дәрмек атаулының бәрі шөптен шығады. Ал шын жүректен шыққан жылы сөз, ауру адамға деген сүйіспеншілік сөзі — өте құдіретті сөз
  • Айжанhas quoted2 years ago
    Дәрігердің үш қаруы бар: бірі — пышақ, екіншісі — шөп, үшіншісі – сөз»
  • Айжанhas quoted2 years ago
    Қону алаңында «АН-12» самолетінің моторлары бірінен соң бірі от алып, қалақшалары әуелі жайлап айналып, бірте-бірте боран таптаған ақ қарды құйындай ұшырып, көзге көрінбей, бұлдыр ауаға сіңіп кеткендей болды
  • Айжанhas quoted2 years ago
    — «Сау адам көп нәрсенің қадірін біле бермейді ғой, әйтпесе қызыл тікен кешіп, қозы артынан жүгірген де арман болады екен, ә», — дедім ішімнен тағы да.

    — Осыдан қара да тұр, бұл арманың да орындалар!
  • Айжанhas quoted2 years ago
    Ефимов полиартритті сәтті емдеудің тәжірибелерін ортаға салып, жаңа антибиотик жасап шығарғанын да айтты ғой
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)