Қап-қара мақпал түп де әсем,
Толқымай жатқан көлді де
Толқисың көріп мұнда сен...
Мынау өлең ғой. Ал, бауырларым, нағыз өлең мұнда жатыр екен! (Ішкі толқынмен жиі іркіліп, ақырын оқи береді.)
Тау да әсем, жалтыр көк айдын,
Қауырсын қанат бау да әсем.
Байқайсыңдар ма, бауырларым... «Қауырсын қанат бау да әсем», «қауырсын қанат бау» деген неткен ғажап образ.
Қауырсын қанат бау да әсем,
Зер шашақ шығы тоғайдың