Тегін
Салтанат Смағұлова

Жанарымдағы жазулар

31 қағаз парақ
Оқып қойдыңыз ба? Не айтасыз?
👍👎

Дәйексөз

    Арқалық Серікдәйексөз қалдырды6 жыл бұрын
    Мен сыйлаған кітаптар,
    Қаттаулы тұр сөреңде.
    Сағындырсам.. жиі ақтар,
    Менің сырым - өлеңде!
    Shugila Nishanдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Қолдап жат туған топырақ!
    Shugila Nishanдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Сен туған күн

    Көңілің де елік сынды еркетін,

    Аппақ қарда асыр салшы балаша.

    Ақ қайыңға шырша мұңын шертетін,

    Сен туған күн – сен секілді тамаша!

    Мұңлық қылып.. махаббаттай сынайтын,

    Суығына тоңдыратын, өртеп ап..

    Аспан жақтан ақ жұлдыздар құлайтын,

    Сен туған күн – сен секілді көркем-ақ!

    Еске түсіп сонар күндер, соққылар,

    Сан сұраулар қаумалайды араға ап..

    Аяз сорып жан дертімді жоқ қылар,

    Сен туған күн – сен секілді ғаламат!

    Тағдыр төрем.. тигізбей еш салқынын,

    Екеумізді енді етпесін келеке..

    Бір шаттыққа бөленейік, жарқыным,

    Сен туған күн – мен үшін де мереке!
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды