kk
Free

Маршал Әбдіхалықов. Сүйінғара

  • b3631204367has quoted8 years ago
    , оның да қызықты құпиялары бар. Құс екеш құс та бұл сәтте абыройларын қымтап, тіпті, қастарындағы жұбайларынан да бөлек шығып, қымсынып қымтырылады. Жапан аралдар, қымтаулы тасалар іздейді.
    Осындай тіршілік кешіп жатқан, салқар жатқан көл-дария бетінің тыныштығын, тұнығын біреу бұзғысы келгендей үркітіп жіберген сияқты болды. Су беті шіміркене дір ете түсті. Қара көк, кей тұсы жасыл тартып шыға келді. Жел жұқа толқын жағалыққа шылп етіп бір соғып, жеңіл жарылды.
    Бұл сәтте бүкіл жағалықта жалғыз кісі бар еді. Ертеңгілікте келген ол шатысып қалған ауын жаза алмай әлек. Бір шетінен тартып қалғанда қалтқылары ілініп, ауын жыртып ала жаздады. Жібінен тартса да, шығар емес. Ол қара терге түсті. «Әйелдердің ішек аршығанынан да кем емес қой!» деп кейіді. Ашуланғаннан ауды тартып-тартып қалып, дал-дұлын шығармақ та болды. Қанша кейісе де, жыртуға дәті бармады. Ауды қайдан, қалай алғаны есіне түсіп, өзін-өзі тежеді. Маңдайынан тамшылаған терін алақанының сыртымен сүртіп жіберіп, қайта жаза бастады. Жағалықтағы байлаусыз қайықты жылжыта-жылжыта теңіз айдынына алып кететін толқындай оны
  • b3631204367has quoted8 years ago
    БІРІНШІ БӨЛІМ
    Сен барда сүйеулі еді арқам жарға-ай,
    Қатепті қайыспайтын қара нардай.
    Алдында байтақ жұрты анталаған,
    Сүйекем сөйлер еді-ау қарқуардай.
    Абыл ақын
    ТҰНЫҚ ТЕҢІЗ
    1
    Ертеңгілік теңіз беті, түгіне дейін майланып кеткен жалпақ жондай жалт-жұлт етіп, көзді қариды. Көл-көсір болып жатқан, шеті-шетіне көз жетіп болмайтын теңіз суы емес, көктен әлдекім төге салған сынап секілді. Күн нұрында ойнақшып, су беті сан құбылады.
    Құмақты жағаға жеңіл толқын жылп-жылп соғылып, еріккен баланың шырт-шырт түкіргені сияқты.
    Жағалық жуыла-жуыла бір кездегі көкшіл өңінен өзгеріп, қуқыл тартқан жұқа шүберектей елестейді. Одан әрі көгістеніп, көк нілмен беті бұзылғандай болады. Көкжиекке қарай көгере түсіп керіледі.
    Теңіз тұнық жатыр.
    Бұл сәуірдің аяқталып қалған кезі. Енді төрт-бес күнде өліара, содан соң Жаңа ай туады. Оңтүстіктен бері қарай, күннің жылынған ретін аңдып қозғалған шүрегей үйректер ертеңгі қараңғылыққа тобымен өтіп кеткен. Сәске шақта бірен-саран қарабай қанаты жалпылдап ұшып, ерінсе жағадағы тастарға қонып тынығады. Бұлар – сонау ызғарлы күзде бас сауғалап, жылы жай іздеп, қоныстарын тастай қашқан құстар. Бұл кезде бұрынғы орындарында мызғымай қалып қойған шағалалар ғана қазір ерсілі-қарсылы еркінси ұшады. Су жағалауын бауырлап қозғалатын түрлі үйрек-қаздарды менсінбей, кеуде көтергендей көкке өрлеп, қатты шаңқ-шаңқ етеді. Кейде ұшып келе жатып, төмен құлдырай суға күмп беріп, сәті түссе бауырын күнге шағылыстырып шабақ іліп шығады.
    Оңаша қойнауда, ел көзінен тасаланып қос аққу, жас аққулар адалдыққа оңаша ант берісіп жатыр. Сүйген жарын анау күңкіл-сүңкіл көп, шау тартқан кәрілерден оңаша алғаш рет алып шығып, жас аруын тұңғыш рет жалғыз қызықтайды. Жаңа ғана жұптасқан жас жұбайлар біріне-бірі еркін қалтқысыз беріліп, ұйқылы көзбен, ояу көңілмен осы халды кешеді.
    Мәңгі мүлгіп қалғып, иесіз жатқандай сұрғылт
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)