алады. Бірақ көбінесе жинаған раковиналарды жағаға шығарады да, шидің үстіне тегістеп жайып тастайды; он күннен кейін, моллюскалары шіри бастаған кезде, оларды теңіз суынан жасалған үлкен көлге апарып төгеді, бұдан кейін раковинаны ашады да, жуады. Осы арада сорттаушыларға да кезек тиеді, олар қабыршақтарға жабысып тұрған інжулерді жинап алады да, өз алдына бөлек сатылатын перламутор пластинкаларын қабыршақтан ажыратады, ең ақырында моллюскалардың денелерінің бір бөлегін суға салып әбден езілгенше қайнатады да, сол сұйық заттан күлдей ұсақ інжулерге дейін сүзіп алады.