kk
Free
Сафуан Шәймерденов

Селдің екпіні

  • Нургуль Исимбаеваhas quoted7 years ago
    Әңгіме
    Тұршабай төсектен көзінің алды күлтеленіп, беті ісіңкіреп тұрды. Байқаса, жан сүйері Шәрбан да солай екен. Жақ еті суалып, өңі қуқыл тартқан.
    ─ Бүгін де ұйықтай алмаған екенсің ғой, жазған, ─ деп Түршекең жіңішке даусымен ыңырси айтты.
    Шәрбан күрсініп қойды.
    ─ Ұйқы-күлкіден айырылдық қой.
    Тұршабай әлдеқашан суып қалған шайына тесіле қарап ұзақ отырды.
    ─ Не сұмдығы болса да, тезірек болса екен...
    Бірін-бірі қабақ қағыстан түсіне қалатын осы бір ерлі-зайыпты тату адамдардың мазасыздығына, шынында да, көп уақыт өткен еді.
    Айнала тау қоршаған мына сәнді қалаға жаз болса-ақ бітті, қатер төнеді. Биігіректе, сонау қарлы шыңдардың арасында аузы мұрнынан келіп, мөймілдеп тұрған бір қол бар деседі. Сол қол жаздың сарша тамыз ыстығында тасып шығып... құдай сақтасын, тасып шықса, жолында жатқан мына сәнді қаланы бар ғой... тіпті аузың бармайды, әйтеуір пәлекеттің бетін аулақ ете көрсін деңіз.
    Әр үйде қазір осы үрей бар. Сол үрейді радио да, күнде қала үстінде дырылдап ұшып жүретін вертолет те ушықтыра түсетіндей. Жолың болып тауға қарай жүре қалсаң, таяқ тастам жерден жаңағы болашақ қатерді есіңе салып, жарнама тақтайлар тұрады. Қайтсе де, қала халқында біраз жылдан бері тыныштық жоқ.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)