kk
Free

Ансельм Кентерберийский. Прослогион

  • Айзада Абдуллаеваhas quoted7 years ago
    ПРОСЛОГИОН
    Кейбір бауырлардың қадала талап етуінен кейін, өз-өзімен үнсіз пайымдайтын адамның атынан сенімнің мәні туралы пайымдаудың үлгісін шығарма ретінде жасадым: ол көптеген ой қорытындылардың тізбегінен жасалғанын көре отырып, өзін негіздеуге өзінен басқа ешнәрсені қажет етпейтін, сонымен қатар ол Құдайдың нақты бар екендігін, Ол ешнәрсені мұқтаж етпейтін, оған барлығы өзінің болмысы үшін және амандығы үшін мұқтаж болатын және біздің Құдайлық субстанцияға сенуіміздің нақты негізделуін көрсететін ең жоғарғы игілік екендігін дәлелдейтін барлығына бір қорытынды жауап болады ма деп іздей бастадым. Бірақ та мен бұл нәрсеге жиі және жігерлі кіріскен кезде, менің іздеген нәрсем қарға адым жерде көрінген сияқты, ол кейбір кезде барлығы ақыл-ой аумағынан сусып кетеді, соңында көңілі құлазыған мен, табуға болмайтын затты іздеуді доғаруды шештім. Мен бұл ойды ақылымды босқа алмас үшін және басқалардан көңілімді бұрмас үшін қанша ойымнан алып тастағым келсе де, ол сондай әлдебір қайсарлықпен, оны қаламаса да және одан қорғанса да, жабыса түсті. Міне, оның қайсарлығына қарсыласа отырып, бір күні мен әлсіредім. Бұл ойлар күресінде, бұрындары мені тартпайтын ойларға барлық күшіммен ұстаймын деп ойлаған емес едім. Енді егер мен жазсам, онда ол бір оқырманға ұнаса, Құдайды сырттай пайымдай қарау? Өзінің ақылын жетілдіруге ұмтылған және неге сенетінін ұғынғысы келетін адамның атынан осы туралы төмендегі шығарманы жаздым. Жоғарыда менің айтқанымды, не оны, не басқаны кітап деп айтуға немесе алдын-ала автор болуға тұрмаймын деп шештім, бірақ та оны тақырыпсыз шығарғым келмеді, өйткені оқуға келген адамның қолына түскен кезде, әрқайсысына өзінің атын бердім, сондықтан біріншісі былай аталсын "Сенімнің мәні туралы пайымдаудың үлгісі" (Exemplummeditandibe ration fide), ал екіншісі — "Жете түсінуді іздеуші сенім" (Fides quaerens intellectum).
    Бірақ бұлардың барлығы осы тақырыппен бірнеше рет жазылғанда, маған көбісі талап ете бастады, әсіресе, бәрінен де көп талап еткен қадірлі архепископ Лугдунский Хуго атты, ол Галлинде апостол наместник қызметін атқаратын. Ол маған апостолдық билікпен менің бұл еңбегімнің басында менің атымды жазуды бұйырды. Бәріне ыңғайлы болу үшін мен біріншісін "Монологион" яғни "Өз-өзіне сөз" /Soliloquium/ ал екіншісін — "Прослогион", яғни "Тыңдаушыға сөз" (alloguium) деп атадым.
  • Айзада Абдуллаеваhas quoted7 years ago
    ПРОСЛОГИОН
    Кейбір бауырлардың қадала талап етуінен кейін, өз-өзімен үнсіз пайымдайтын адамның атынан сенімнің мәні туралы пайымдаудың үлгісін шығарма ретінде жасадым: ол көптеген ой қорытындылардың тізбегінен жасалғанын көре отырып, өзін негіздеуге өзінен басқа ешнәрсені қажет етпейтін, сонымен қатар ол Құдайдың нақты бар екендігін, Ол ешнәрсені мұқтаж етпейтін, оған барлығы өзінің болмысы үшін және амандығы үшін мұқтаж болатын және біздің Құдайлық субстанцияға сенуіміздің нақты негізделуін көрсететін ең жоғарғы игілік екендігін дәлелдейтін барлығына бір қорытынды жауап болады ма деп іздей бастадым. Бірақ та мен бұл нәрсеге жиі және жігерлі кіріскен кезде, менің іздеген нәрсем қарға адым жерде көрінген сияқты, ол кейбір кезде барлығы ақыл-ой аумағынан сусып кетеді, соңында көңілі құлазыған мен, табуға болмайтын затты іздеуді доғаруды шештім. Мен бұл ойды ақылымды босқа алмас үшін және басқалардан көңілімді бұрмас үшін қанша ойымнан алып тастағым келсе де, ол сондай әлдебір қайсарлықпен, оны қаламаса да және одан қорғанса да, жабыса түсті. Міне, оның қайсарлығына қарсыласа отырып, бір күні мен әлсіредім. Бұл ойлар күресінде, бұрындары мені тартпайтын ойларға барлық күшіммен ұстаймын деп ойлаған емес едім. Енді егер мен жазсам, онда ол бір оқырманға ұнаса, Құдайды сырттай пайымдай қарау? Өзінің ақылын жетілдіруге ұмтылған және неге сенетінін ұғынғысы келетін адамның атынан осы туралы төмендегі шығарманы жаздым. Жоғарыда менің айтқанымды, не оны, не басқаны кітап деп айтуға немесе алдын-ала автор болуға тұрмаймын деп шештім, бірақ та оны тақырыпсыз шығарғым келмеді,
  • Айзада Абдуллаеваhas quoted7 years ago
    ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА
    АНСЕЛЬМ КЕНТЕРБЕРИЙСКИЙ
    (1033-1109)
    (Аударған Н. Байтенова)
    Ансельм Кентерберийский (Ансельм д'Аоста) – ортағасырлық теолог және философ, ерте схоластиканың өкілі. 1076-1077 жылдары Ансельм өзінің ең әйгілі еңбектерін жазады: "Монологион" және "Прослогион", "Сауаттылық туралы", "Ақиқат туралы", "Еркін таңдау туралы", "Жын - шайтанның құлауы туралы", "Үштік туралы" және т.б. Августин сияқты, Ансельм де сенімді ақылдан жоғары түру керек деп есептеп, екі принципке негізделді: "түсінуді іздейтін сенім" және "түсіну үшін сену" керек деп есептеді. Сенім рационалды жолмен негізделу мүмкіндігін де жоққа шығармады, дегенмен рационалдық ізденіс өзінің логикалық қозғалысында сенімнен бастау алады. Сенім ақиқаты рационалдық ізденістің нәтижесі емес, ол рационалдық конструкцияның негізі, оның бастамасы және аяғы болып табылады.. Ансельм христиан догматтарын — мызғымайтын, тұрақты ақиқат деп қарады; бірақ, сонымен қатар сенуші адамның сенімін бекіту үшін рационалды тұрғыдан танып білу керек деп есептеді. Универсалийлерге байланысты пікір таласта Ансельм реализмнің шеткі позициясында тұрды. Ансельм философиясының маңызды ерекшелігі деп айтуға болады, ол Құдай болмысының онтологиялық дәлелін негіздеді. Құдай идеясы оның еңбектерінің негізгі тақырыбы болып табылады. Ол ең алдымен нақтылай түседі: Құдайдың бар болуы туралы айту оның табиғаты туралы айтумен тең емес. Бұл айырмашылықты оның "Монологионынан" табуға болады, Ансельм осы белгілі жұмыстарының бірінде апостериорлық дәлелдерді тұжырымдайды, яғни мұнда Құдайды себеп салдар байланыстылығы арқылы дәлелдеуге тырысады. Ал Құдай болмысының априорлық немесе онтологиялық дәлелін біз оның келесі әйгілі еңбегі "Прослогионынан" табамыз. Сонымен қатар осы томға Ансельм Кентерберийскийдің "Еркін таңдау туралы" маңызды шығармасы енгізілді.
  • Айзада Абдуллаеваhas quoted7 years ago
    ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА
    АНСЕЛЬМ КЕНТЕРБЕРИЙСКИЙ
    (1033-1109)
    (Аударған Н. Байтенова)
    Ансельм Кентерберийский (Ансельм д'Аоста) – ортағасырлық теолог және философ, ерте схоластиканың өкілі. 1076-1077 жылдары Ансельм өзінің ең әйгілі еңбектерін жазады: "Монологион" және "Прослогион", "Сауаттылық туралы", "Ақиқат туралы", "Еркін таңдау туралы", "Жын - шайтанның құлауы туралы", "Үштік туралы" және т.б. Августин сияқты, Ансельм де сенімді ақылдан жоғары түру керек деп есептеп, екі принципке негізделді: "түсінуді іздейтін сенім" және "түсіну үшін сену" керек деп есептеді. Сенім рационалды жолмен негізделу мүмкіндігін де жоққа шығармады, дегенмен рационалдық ізденіс өзінің логикалық қозғалысында сенімнен бастау алады. Сенім ақиқаты рационалдық ізденістің нәтижесі емес, ол рационалдық конструкцияның негізі, оның бастамасы және аяғы болып табылады.. Ансельм христиан догматтарын — мызғымайтын, тұрақты ақиқат деп қарады; бірақ, сонымен қатар сенуші адамның сенімін бекіту үшін рационалды тұрғыдан танып білу керек деп есептеді. Универсалийлерге байланысты пікір таласта Ансельм реализмнің шеткі позициясында тұрды. Ансельм философиясының маңызды ерекшелігі деп айтуға болады, ол Құдай болмысының онтологиялық дәлелін негіздеді. Құдай идеясы оның еңбектерінің негізгі тақырыбы болып табылады. Ол ең алдымен нақтылай түседі: Құдайдың бар болуы туралы айту оның табиғаты туралы айтумен тең емес. Бұл айырмашылықты оның "Монологионынан" табуға болады, Ансельм осы белгілі жұмыстарының бірінде апостериорлық дәлелдерді тұжырымдайды, яғни мұнда Құдайды себеп салдар байланыстылығы арқылы дәлелдеуге тырысады. Ал Құдай болмысының априорлық немесе онтологиялық дәлелін біз оның келесі әйгілі еңбегі
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)