kk
Free
William Shakespeare

Гамлет

  • b4457711790has quotedlast year
    Гамлет.
    Уа, көк пен жер! Тағы нең бар?
    Дозақ па әлде? Сап, сап, жүрек, шыдап бақ!
    Аяқтарым, тік тұрыңдар бүгілмей!
    Есте сақта дедің-ау?.. Есім барда сақтармын
    Быт-шыт болған мынау шардың ішінде.
    Сорлы Әруақ, есте сақта дедің-ау?
    Тақтасынан зердемнің сезінудің
    Бар белгісін сүртемін; барлық сөзін кітаптың
    Естегімнің тамам бейне, таңбасын, —
    Бала кезден байқағанның күллісін,
    Өшіремін. Жалғыз сенің жарлығыңа бағынып
    Еш қоқыссыз, мидың барша кітабын
    Том-том күйі түгел жазып түгесем.
  • b4457711790has quotedlast year
    кеңді шаққан әп жылан
    Әкең тәжін киіп отыр басына.
  • b4457711790has quotedlast year
    Тәуекелің, гүлдей солып, таусылмақ.
    Тап осылай бастапқы серт серпінді,
    Түк татырмай, амалсыздан өледі,
    Соза берсең аяғын. Жә, жарайды!
    Офелия! Ақ періште! Менің күллі күнәмды
    Қосып оқы дұғаңа.
    Офелия.
  • b4457711790has quotedlast year
    Кісі еместер кісілерге күлгенде —
    Көнбіс жандар көнбес еді-ау осылардың бәріне
    Өз тағдырын бітіре алса оп-оңай
    Бір-ақ салып қанжарды! Қалай пенде
    Келіспесін мынау жалған дүниеде
    Күнелтпекке ит-қор жаны қалжырап, —
    Белгісіз ғой о дүниеде не бары,
    Бөтен жақтан қорқады ғой байғұстар, —
    Кеткендердің қайтып келген бірі жоқ,
    Сыры жұмбақ сыртқа қарай қашқанша.
  • b4457711790has quotedlast year
    Төзбес еді-ау жан баласы жалғанда
    Масқарадай мазағына ғасырдың;
    Көнбес еді жебір мықты жегенде,
    Қорлағанда тоғышарлар, мансаптар,
  • b4457711790has quotedlast year
    Өлмек пе, қалмақ па — ендігі сауал екі ұдай.
    Өмір, өлім — арпалыс. Татар дәмім
    Таусылды деп бас ием бе тағдырға,
    Әлде мынау қасіреттің селімен
    Жан шыққанша жағаласып, бұлардың
    Бітірсем бе істерін? Өлмек. Ұмыт болмақ.
    Үзіп тастап ой-арманның арқауын,
    Тәнге тәуел азап-сордан арылмақ.
  • waikikishhas quoted2 years ago
    Фортинбрас.
    Әскер салты бойынша әз Гамлетті
    Төрт сардардың иығына көтертіп
    Шығарыңдар биігірек сатыға.
    Тірі болса сонікі еді тақ пен тәж.
    Аза тұту салтын сақтап барынша,
    Салтанатты қаралы күй ойналсын!
  • waikikishhas quoted2 years ago
    Горацио.
    Оны да айтам:
    Өлерінде өжет туған мұрагер
    Өзіңізге дауыс беріп, сайлады.
  • waikikishhas quoted2 years ago
    Қаныпезер қастандықтың зардабы
    Қанша жанның қанын төкті қатеден,
    Екі жүзді әз бикеден ез шықты.
    Қылша мойны талша жанның талайын
    Қан қақсатқан у сойқы-ше, у сойқы,
    Оның-дағы өз торына маталып
    Масқарасы шыққанын — бәрі-бәрін
    Құлақтарға құям мен.
  • waikikishhas quoted2 years ago
    Болжауымша: Фортинбрасты сайлар жұрт.
    Мен де соған дауыс бердім. Өзіне
    Сен осыны айт. Бұл жағдайға жеткізген
    Бар сұмдықты баян ет те,
    Басқа жайдан ләм деме.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)