Қолына ойыншық түскен сотқар баладай, біз осы дүниенің басы-көзіне қарамай, тек қиратып, тек сындырып, тек бүлдіргеннен басқа не бітірдік? Ал мына пақырлар... Айналайындар-ай, өздері өмірге қандай құштар! Құп-құртақандай болып алып осы пақырлардың жылда-жылда дүние қапылып бара жатса да, өздерінің болымсыз тірлігіндегі дағдылы әбігерінен жаңылмайтынын қайтерсің!..