Аштық, Knut Hamsun
Тегін
Knut Hamsun

Аштық

Оқу

Пікірлер

abdizhalelovaakmaral
abdizhalelovaakmaralпікірмен бөлісті3 ай бұрын
👍Кеңес беремін

Дәйексөз

b6026106816
b6026106816дәйексөз қалдырды2 ай бұрын
Түнде жұрттың бәрі ұйықтап жатқанда көрші бөлмедегі тыныстағанды да естіп жатамын...
Rahymbu'bi Rahymbekova
Rahymbu'bi Rahymbekovaдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
Осы жұрт қалай ғана көңілденіп, бір-бірімен желпілдеп бас изесе қояды. Зайыры би залының, паркетінде сырғығандай өмірі еркін есіліп өтіп жатқаны ойларының айқындығы болар. Олардың ешқайсысының көзінен мұң табын таба алмадым, иықтарын езген ауыртпалық та жоқ шығар. Алаңсыз көңілдерде не бір күңгірт ойдың, не бір көмескі қайғының көлеңкесі де байқалмайды. Өмір жолын жаңа ғана бастап, бастай бере бақыт дегеннің не екенін ұмытқан жап-жас менің осынау адамдардың арасында сандалып жүргенім мынау! Осындай ойлар мазалап, өзімнің әлемет әділетсіздіктің құрбаны болғанымды ұғындым. Соңғы айларда өмір сүруімнің осыншалық ауыр боп кеткені несі? Менің шыбынсыз жаздай көңілімді біреу бейне өзгертіп қойғандай, қайда барсам, ащы өкініш анталайды да тұрады. Бәзбір орындыққа жайғаса қалсам да, болмашы бір қадам жасасам да, қай-қайдағы келеңсіз оқиғалар тап беріп, жан дүниеме тарпа бас салып ендей еніп, қуат-күшімді құр босқа шашуға мәжбүр етеді
Арайлым Маратовна
Арайлым Маратовнадәйексөз қалдырды4 жыл бұрын
Терезені ашып, аулаға көз тастадым. Көзім кір ілетін керулі жіп пен алаңқайға түсті, одан әрірек күйіп кеткен ұстахананың қаңқасы, айналасында көмірді қотарыстырып жүрген кісілер көрінді. Терезенің жақтауын шынтақтай тұрып алысқа көз жібердім. Сез жоқ, күн ашық болғалы тұр. Күз де келіп қалды, кәдімгі бәрі түсін өзгертіп, оңып - солатын ғажайып салқын шақ қой. Бұл көшеде дабыра - шу көбейіп, мені үйден шығуға еліктіріп тұрған тақылетті. Түгі жоқ түт жалаңаш бөлменің едені адым аттаған сайын ойбайын салып, сықырлай жөнеледі, бәзбір тоз-тозы шыққан шірік сасық табыт сияқты. Есікте жөні түзу құлып та жоқ. Пеш дегеніңді тіпті атама, таңға дейін сәл де болса кепсін деп, шұлығымды жамбасыма басып жатамын. Көңілге медеу тұтар жалғыз ғана зат кішкентай қызыл әткеншек, кешкісін соған тербеліп әрнені ойлап жатып қалғып кететінім бар. Кейде күшті жел көтерілгенде, астыдағы кірер есік ашық болса, бөлме азынап қоя береді де, қабырғасы мен едені небір өксік сарынға салып уілдеп кетеді. Есікке жапсырылған газеттен менің саусағым сыйып кететіндей саңлау пайда болады

Сөрелерде

Гамсун  АШТЫҚ , abdizhalelovaakmaral
abdizhalelovaakmaral
Гамсун АШТЫҚ
  • 1
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды