Егер ағылшын тілін оқығың келсе, онда ең әуелі 30 күн артық ақпараттан ораза ұста. Интернетте отырып алып, өзіңе дым да пайдасы жоқ, отақ жеген жаңалықтарды оқи беруді доғар. Өзіңе қажетсіз тұлғалардың деректерін оқуды, олардың өмірбаяндарын қарауды, жалаңаш суреттерді де, деректі фильмдерді де, көркем фильмдерді де көруді доғар. Фейісбоқтағы пікірлер мен посттарды оқуды жиыстыр да, миды бір ай бойы артық ақпараттан аулақ қыл. Кез-келген жағдайда Google ақтарып кетпей, өзіңде барымен қорытуға тырысып көр. Артық ақпараттарды миыңа тігіп жүктеп қоюы мүмкін адамдардан да алыстап жүр. Айтылған мерзім өткен соң, миыңның қаншалықты ашыққандығын анық сезесің.