Саттар Асқарұлы Ерубаев

Мәңгілік өмір

    b2068006238дәйексөз қалдырды4 ай бұрын
    мен талай рет бақытпен кездестім. Ол менің қолымда болды. Мен онымен Нева проспектісінде серуендедім, Қарағанды даласында да қолтықтасып бірге жүрдім. Керек десең: менің өмірімнің өзі бақыт. Нұрға бөленген жасыл қалада шешек атқан көктемгі қызғалдақтай, керемет дəуірде өсіп, тəрбиелендім.
    Бум Бумдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
    Бақыт өлімді жоққа шығарады, ал өлім əрқашан да бақытсыздық.
    Марина Аманжоловадәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Жоқ, ол миллиондаған халықтың жадында сақталады. Оның қаны өлмейтін халықтың тамырында ағады, оның шаттығы мен бақыты бүтін бір елдің шаттығы мен бақыты болып табылады. Ол үшін қымбаттыдан да қымбатты болған Компартияға деген сүйіспеншілік пен берілгендік миллиондардың жүрегінде мəңгі жасайды!
    Марина Аманжоловадәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Адамзат өмірі мен өркендеуінің формуласы мен заңдарын айтып, еңбек адамын еркелете сөйлеген ұлы сөз радиодан естілген кезде, өлім қармағына ілінген қарт жымиып, езу тартқан кезде мылқау тыныштық үркіп, қуысқа тығылады.
    Марина Аманжоловадәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    бақыт үшін, халық бақыты үшін біз өлуге дайын болдық.
    Марина Аманжоловадәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Бақыт өлімді жоққа шығарады, ал өлім əрқашан да бақытсыздық.
    Нурай Арыстанбекдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Шығыстың бір данасы: «Шыншылдық пен адалдық зиянға айналады, егер де оны зұлымдық қоршаса» депті.
    b6985028892дәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Бақыт өлімді жоққа шығарады, ал өлім əрқашан да бақытсыздық.
    Tomik Zhдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Өлім сияқты құпия, о дүниелік, көзге көрінбейтіндей бір кере мет келіп қалғандай болды, бірақ ол керемет қорқыта, ызғарлана келмеді, қайта жанға жайлы майда қоңыр желдей жылы леппен, жеңіл желпінмен қанатын қомдай келді, Андрей Мироновичті өмірден ажыратып, шыңырауға лақтырайын деп меңдей түскен ауруды, денесін қимылдатпай, аяқ-қолын тырыстырып, мүсінді жүзіне терең əжімдер салып, қуарған ағаштай мортылдақ еткен ауруды ығыстыра келді.
    Tomik Zhдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    өмір сағымы сейіліп,
    Tomik Zhдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Төрінен көрі жақын
    Айым Мавлендәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Бақыт маған өткен күндер мен азабы мол аурулардың арасынан қарайды, сүйген жарымның мөлдіреген бота көзіндей жасқана да күлімдей қарайды.
    Дания Бекболатдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Өлім – əр уақыт қорқыныш.
    Равиль Ашығалиевдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Өмірінде езу тартып күлуді білмеген, жылы сөз естімеген сұсты, қатыгез адамның жүзіне шаттық күлкі ойнап қайтыс болды. Оның ақырғы сөзін бүкіл қыстақ естіді.

    Өлген адамның бақытын ешкім біле алмады. Бақыт өлімді жоққа шығарады, ал өлім əрқашан да бақытсыздық.
    Равиль Ашығалиевдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Мен сонда өзінің халқын сүюдің, халықтың көсемі – Компартияны ардақтаудың өлімнен күшті екенін түсіндім, кімде-кім өз халқын шын сүйіп, өз елінің мүддесін қара басының қамынан жоғары қойса, ол адам ешбір қорқыныш, қауіп дегенді білмейді екен, тіпті, арпалысқан ажал жағаңнан алып, тұншықтыра бастаған кезде кіршіксіз таза, саңқылдаған күлкімен күледі екен.
    Равиль Ашығалиевдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Содан кейін ол тынышсыздана берді. Сарнауды шығарды, сандырақтай бастады, біреуді қарғап-ciлеп жатты. Бір күні:

    – Сен лағынат, – деп айғайлап сөйлей жөнелді, – көне заманғы қара түнек Бамиан қаласына түнегенімде келмедің, сен лағынат, Ақсақ Темір заманындағы Герат минаретіне көтерілгенде, Үнді алабында жаяу-жалпы жүріп, кактус пен пальма тоғайларының көлеңкесінде ұйықтағанда келмедің. Сен лағынат, Қызыл теңізді кешіп, Ассирия тауларынан асып сандалғанда, улы жыландары құмырсқадан да көп Бразилияның тропикалық ормандарын шарлағанда келмедің. Мен Эльзаста болғам, Берлиннің астындағы ұраларды қазғам, мен Нью-Йорктің көкке тірелген үйлерін салғам, Париждің Сен-Мишель бульварында аш бұралып жүргем. Харбинде ат орнына арбаға жегіліп кісі тасығам, сонда келмедің, сен лағынат – өлім. Ал енді мен бақытқа кездестім, шын Адам болған уағымда: «Жетер енді, тоқтат» дейсің, сен лағынат. Қалай мен өзімнің тұрған жеріммен, өзімнің бақытыммен біржола қош айтыспақпын?.. Айтшы... айтшы, сен лағынат?..
    Равиль Ашығалиевдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Содан бері мен талай рет бақытпен кездестім. Ол менің қолымда болды. Мен онымен Нева проспектісінде серуендедім, Қарағанды даласында да қолтықтасып бірге жүрдім. Керек десең: менің өмірімнің өзі бақыт. Нұрға бөленген жасыл қалада шешек атқан көктемгі қызғалдақтай, керемет дəуірде өсіп, тəрбиелендім.
    Равиль Ашығалиевдәйексөз қалдырды2 жыл бұрын
    Мен новелла жаздым; ол новеллам қаза тапқан коммунистің бақыты туралы болды. Ол новеллам өмірдің көркемдігін жырлады, бұл өмір үшін өлудің де көркем екендігін жырлады.
    Gulimai Dairabaevaдәйексөз қалдырды3 жыл бұрын
    Шығыстың бір данасы: «Шыншылдық пен адалдық зиянға айналады, егер де оны зұлымдық қоршаса» - деді.
    Gulmira Satylkhanovaдәйексөз қалдырды3 жыл бұрын
    Осыдан он бес жыл бұрын Оңтүстік Қазақстанның кішкентай қыстағында коммунист Бердәлі қаза тапты.

    Ашыққан халыққа арналған азық-түлікті қорғап тұрғанда оны басмашылар ауыр жаралап кетті. Ол менің ағамның үйінде жатты. Білер алдында ол:

    ─ Мен бақыттымын. Ризамын өлімге! - деді өміріне езу тартып күлуді білмеген, жылы сөз естімеген сұсты, қатыгез адамның жүзіне шаттық күліп ойнап қайтыс болды. Оның ақырғы сөзін бүкіл қыстақ есітті.

    Өлген адамның бақытын ешкім біле алмады. Бақыт елімді жоққа шығарады, ал елім әрқашан да бақытсыздық. Ал Бердәлінің бақыты болған елімнің сыры түсініксіз. Өлім - әр уақыт қорқыныш. Өлімнен сескенбей езу тарту, оны құптай қабылдау - жұрттың бәріне үшеуі табылмас жұмбақ сияқты. Бұл ертеде болған. Бұл 1920 жылы болып еді. Онда мен жетіде едім.

    Содан бері мен талай рет бақытпен кездестім. Ол менің қолымда болды. Мен онымен Нева проспектісінде енді серуендедім, Қарағанды даласында да қолтықтасып бірге жүрдім. Керек десең: менің өмірімнің өзі бақыт. Нұрға бөленген жасыл қалада шешек атқан көктемгі қызғалдақтай, керемет дәуірде өсіп тәрбиелендім. Мен болашақ ұрыстар мен ұлы жеңістер үшін большевиктер партиясы аялап өсірген, ауырмен шыңдаған ұрпақтың өкілі едім.

    Біз аштық, жоқтық дегенді білмей есіттік. Бізде тек қана үш есім: бастаушы, жіберілген деген үш ат қана болды. Біз бақыт шыңына шабуыл жасадық. Бұл бақыт үшін, халық бақыты үшін біз елуге дайын болдық.

    Міне, өлген Бердәлінің бақытын мен сонда ғана түсіндім.

    Мен баяғыда жау қолынан қаза тапқан қатыгез адамға деген махаббат пен құрметті ұзақ уақыт жүрегімде сақтадым. Ол әрқашан да менің жанымда болды. Тіптен жақын болды. Ол барлық жақын адамдардан да жақын болды, өйткені ол менің жүрегімде жүрді.

    Менің өмірім мен бақытым үшін, менің Отанымның жастығы мен көктемі үшін қаза тапқан, жүзіне шаттық күлкі ойнап өлген адам туралы мен әңгіме жазбақ болдым. Бұл ниет Алматыда да, Қарағандыда да, Ленинградта да менің ойымды билеп, жүрегімді толқытып жүрді.
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды