— Балапандарым, - дейтін сусып түскен көзілдірігін қолына алып, еңсесін жинап, -естеріңде болсын, осы күні мал ортақ, жан ортақ деп төбені тесіп бара жатқан балшабектердің қиқуы ақылыма қонбайды, бұл қазақ нәсілі қазан төңкерісіне дейін сауатсыз, дінсіз, дымсыз болған деген сандыраққа еш сенбеймін