kk
Free

Г.В.Ф.Гегель. Философиялық ғылымдар энциклопедиясы. Рух Феноменологиясы І

  • Дильназ Дильназhas quoted8 years ago
    Спинозизмге қатысты, керісінше, айқындылыққа қарама - қарсы еркін субъективтілік ретінде өзін "мен" ретінде тағайындайтын рух субстанцияның тегінен шытып кететінін атап өту керек, ал философия үшін бұл пайымдау рухтың абсолютті анықталуы болып табылатындықтан, осылай спинозизмнің шектерінен шығады.
    Қосымша.Дегенмен сананың ары қарай анықталуы оның өзіндік ішкі мәнісінен шыққанымен және оның үстіне объектіге қатысты терістілік бағытта болса да бұл өзгеріс сана үшін оның субъективті әрекетінсіз жүзеге асатындай болып көрінеді және ол нәрседегі айғақталатын айқындықтар тек бұл объектіге қатысты баршылықтар ретіндегі мағынаға ие болады.
    Қосымша 2.Фихте философиясында, қалай "мен" "мен"- еместі игере алатындығы туралы сұрақ бойынша қашанда қиындықтармен істес болуға тура келеді. Осы екі жақтардың шынайы бірлігіне бұл жерде ешқандай қол жеткізілмейді; бұл бірлік әрқашан тек әлдебір міндетті болуға тиесілі ретінде қала береді, өйткені ең басынан, "мен" және "мен" емес өздерінің оқшаулықтарында, олардың шектілігінде бір абсолютті деген жалған алғышарттың шеңберінде алынған.
  • Дильназ Дильназhas quoted8 years ago
    пайымдалғандай, тек оның абстрактылы, формальды идеалдылығы болып табылады. Субстанционалды бүкіл жалпы формасындағы жан рухтың субъективті өзі - өзіне рефлексия күйінде оған әлдебір теріс, сыртқы және қараңғы нәрсе ретінде қатынаста. Сондықтан сана, бүкіл жалпы қатынас ретінде, осы қос жақтардың дербестілігі мен олардың сол бара барлығының қайшылығы болып табылады. "Мен" ретінде рух — мән болып табылады, бірақ мәнділік шеңберіндегі шындық тікелей баршылық және идеалды ретінде айғақталғандықтан, сана реттегі рух тек рухтың көрінісі болып табылады.
    Қосымша.Мүлдем абстрактылы "меннің", немесе таза сананың, өзінің басқасына қатысты көрсететін, терістілігі әлі мүлдем анықталмаған, үстірт, абсолютті емес терістілік болып табылады.
    Бұл кезеңде сондықтан бір жағынан, нәрсенің менде болатындығы, ал екінші жағынан, қараңғылық жарықтан тыс болатыны сияқты, меннен тыс соншама дербес өмір сүруге не бола алатындығының арасындағы қайшылық пайда болады. Санаға нәрсе "мен" арқылы жатқызылған ретінде емес, бірақ тікелейлік, баршылық, берілген ретінде көрінеді; өйткені өзіндегі нәрсе рухқа бара бар және тек рухтың өзін - өзі ажыратуы арқылы толық тәуелсіздіктің елесін алатындығын, ол әлі білмейді. Мұның іс жүзінде осылай екендігін, рух идеясына көтеріле отырып және осымен "меннің" абстрактылы, формальды бара барлығынан жоғары тұрғандықтан, оны тек біз білеміз.
    §415
    "Мен" өзі үшін тек формальды тепе-тендік сияқты өмір сүргендіктен ұғымдардың диалектикалық қозғалысы, сананың прогрессивтік айқындалуы ол үшін оның өз әрекеті емес, бірақ өзінде бар және бұл сана үшін объектінің өзгеруі болып табылады. "Мен", сана субъектісі ойлау болып табылады; объектінің ары қарай логикалық анықталуы субъект пен объектідегі тепе - теңге, олардың абсолютті байланысы болып табылатындықтан, онда, соған сәйкес объект, субъектіге жататын, бірдеме болып табылады.
    Ескерту. Кант философиясын бәрінен де дәл қарастырса, ол рухты сана ретінде ғана түсінді және онда тек рухтың философиясының емес, оның феноменологиясының айқындықтары туралы ғана айтылады десе де болады деген мағынада. Ол "менді" өзінің абстрактылы анықтауында өзіндік зат деп аталатын, әлдебір өзінен тысқыға қатынас ретінде қарастырады және де тек бұл шектілікке сай ол интеллигенцияны да, ерік-жігерді де түсінеді. Және егер пайымның рефлексиялаушы қуаты ұғымында ол, расында, рух идеясына, субъект - объектілікке, андаушы пайымдауға және т.б., және де тап солай табиғат идеясына жетсе, онда бұл идеяның өзі өз кезегінде құбылысқа дейін, атап айтқанда субъективті максимаға дейін төмендейді (қар. §58, кіріспе). Сондықтан бұл философия мағынасының дұрыс ашылуын Рейнгольдтің оны сана теориясы деп, ал сана деп елестету қабілеттілігін белгілеп түсіндіруінен көру керек. Фихте философиясы да осындай көзқараста тұр; онда "мен емес" тек "меннің" пәні ретінде, тек санада анықталған; "мен" емес онда шексіз түрткі түрінде, яғни өзіндегі—зат ретінде қалады. Қос философия, қалай олар өзінде және өзі үшін болғанындай, ұғымға да, рухқа да жетпей, тек басқаға қатынасты болатын рухқа дейін жеткенін, осы арқылы көрсетеді.
  • Дильназ Дильназhas quoted8 years ago
    растылығына иемін. Бұл растылық, қалай ол қарапайым елестетуде болатындай, "меннің" қасиетінің қайсыбір тегі, оның табиғатының қайсыбір анықталуы ретінде қарастырылмауы керек, бірақ оны "меннің" өзінің табиғаты ретінде түсіну қажет, өйткені бұл соңғы, өзін өзі өзінен ерекшелемей, бар бола алмайды, және де осыда, сол мезгілде өзі өзінде қалмайтын, одан ерекшеленгенде — ал бұл дәл осыны білдіретіндей, — өзі туралы білімге не болмай, өзі өзінің растылығына иеленбей және осындай болмай, ол бар бола алмайды. Растылық, сондықтан, қалай еркіндік жігерге болса, солай "менге" қатысты. Қалай растылық "меннің" табиғатын құрастырса, солай еркіндік ерік-жігердің табиғатын құрастырады. Жақынырақ алғанда, алайда, растылықты тек субъективтік еркіндікпен, бассыздықпен салыстыруға болады, тек объективтік растылық, ақиқат шынайы ерік-жігер еркіндігіне сәйкес келеді.
    Ендеше, өзі өзіне рас "мен" алдымен әлі мүлдем қарапайым субъективті, әбден абстрактылы еркін, әбден анықталмаған идеалдылық, немесе кез келген шектіліктің терістелуі болып табылады. Сондықтан "мен", өзін өзі өзінен итермелей отырып, бастапқыда тек формальды, ал өзінен шынында өзгеше емес болады. Бірақ, логикада қалай көрсетілгендей, өзінде баршылық айырмашылық та болуы, шынайы айырмашылыққа дейін дамытылуы міндетті. "Менге" қатынасты бұл даму, антропологиялық салаға кері құйылмай, "мен" руханилық пен табиғилық бейсаналық бірлігінде, бірақ өзінде рас болып қала беріп және өзін өзінің еркіндігінде ұстай тұра, өзінің басқасын тотальдыққа, "меннің" бірдей тотальдығына дейін дамуға міндеттейді және де тап осының салдарынан жанға жататын тәнділіктен оған дербес қарсы тұратын бірдеңеге, сөздің шынайы мағынасындағы әлдебір нәрсеге айналады. Бірақ өзіндегі "мен" өзі өзінде айырмашылықты ұстап тұратын болғандықтан немесе басқаша айтқанда, өзіндегі ол өзі өзінің және өзінің басқасының бірлігі болып табылатындықтан, сондықтан ол нәрседе бар болып тұрған айырмашылыққа қажеттілікпен жатқызылады және де осы өзінің басқасынан тікелей өзіне рефлексиялайды. "Мен", ендеше, одан шынайы өзгешелеу жоғарылайды, бұл өзінің басқасында өзінде болып шығады және кез келген андауда өзі өзінің растылығын сақтайды. Тек қана мен өзімді "мен" ретінде түсінуге қабілетті болғандығымнан, басқа мен үшін нақтылы нәрсе бола бастайды, маған қарсы қойылады және сол мезгілде идеалды түрде менімен пайымдалады, сондықтан, менімен бірлікке қайтадан келтіріледі. Міне, сондықтан алғы параграфта "мен" жарықпен салыстырылды. Қалай жарық өзі өзін және өзінің басқасын, қараңғыны тауып алу болса, және өзі өзін тек бұл басқаны тауып алу арқылы тауып ала алатыны сияқты, солай және де "мен", қандайда оның басқасы ол үшін одан тәуелсіз әлдебір формада ашылғанындай, тек сол мөлшерде өзі өзіне ашылады.
    "Мен" табиғатының осы бүкіл жалпы сыртқылығынан әрі, бұл "меннің" — сыртқы нәрселермен күреске түсетіндіктен сәбилік кезеңде болатын әлеммен бірліктегі әлі қуатсыз жанға жоғарыда қарастырылған рухтың сырқат күйлері еніп кете алатын болғандықтан бұл менің одан — әлдеқайда жоғарғы екендігі енді жеткілікті шамада айқындалады.
    §414
    Рухтың өзімен бара барлығы, бастапқыда "мен" ретінде
  • Дильназ Дильназhas quoted8 years ago
    бес объекті сияқты, ол да соншама еркін болып табылатын, өзінен өзінің айқындылығын, жанның табиғи өмірін өзі үшін босатады; ол үшін сыртқы ретіндегі, бұл объект туралы "мен" және де ең алдымен білім алады және, ендеше, сана болып табылады.
    Осы абсолютті терістілік ретіндегі "мен", басқаша болмыстағы өзіндегі тепе-тендік болып табылады; "мен" оның өзі болады және өзінде алынған бірдеме сияқты объектінің шегінен шығады; ол қатынастың бір жағы барлық бұл тұтас қатынас — өзін де, басқаны да тауып алатын жарық болып табылады.
    Қосымша.Алдыңғы параграфқа қосымшада аталып өткендей, "мен" өзінің анықтылығында және өзінің айырмашылығында тек өзі өзіне қатысты жалпыламалық ретіндегі индивидуалды анықталған сияқты болып түсінілуге міндетті. Осыда "меннің" өзі өзіне тікелей теріс бар болып тұр — сондықтан, ол кез келген анықтылықтан абстрактыланған, оның жалпыламалығының тікелей қарама-қарсылығы және де сол шамада абстрактылы, қарапайым жекелілік. Тек қарастырушы біздер ғана емес, ендеше, "менді" оның қарама - қарсы сәттерінде айырамыз; бірақ өзінің жалпылығының күшімен және осыдан өзінен өзі ерекшеленген жиілігімен бұл "меннің" өзі өзінен өзін айыруы болып табылады; өйткені, өзі өзіне қатынасушы ретіндегі, оның шығарып тастаушы жекелігі, оның өзін өзі өзінен, яғни жекелілігінен шығарып тастайды және де осы арқылы өзін өзі өзіне әлдебір онымен тікелей қабысқан қарама-қарсылық ретінде, жалпыламалық ретінде пайымдайды. Абстрактылы жалпылама жекелілікті анықтауда бірақ "мен" үшін мәндіні оның болмысы құрастырады. Мен және менің болмысым сондықтан өзара ажырамас байланысты; менің болмысымның менен айырмашылығы, ол айырмашылық болып табылмайтын, айырмашылыққа жатады. Шындығында, бір жағынан, әлдебір абсолютті тікелейлік, анықталмаған, ажыратылмаған түрдегі болмыс, өзін өзі өзінен ерекшелейтін және бұл жанамалаушы ойлаудың өзін өзі өзінен ерекшеленуін осы қалқып алуы арқылы — "менен" — ойлаудан айырыла алуы міндетті: сонда да, басқа жатынан, болмыс ойлаумен тепе-тең, өйткені бұл соңғы кез келген жанама түрден тікелейге, өзінің бүкіл өзіндік ерекшеленуінен айырылуынан — өзімен өзінің ештеңемен қапаланбаған бірлігіне қайтып келеді. Сондықтан "мен" болмыс болып табылады немесе соңғыны өзі өзінде сәт ретінде ұстап тұрады. Бұл болмысты мен маған қатынасты әлдебір басқа ретінде және сол мезгілде мені мен тепе-тең түрінде пайымдағанымнан, сондықтан мен білім болып табыламын және менің болмысымның абсолютті
  • Дильназ Дильназhas quoted8 years ago
    ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА
    ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ. РУХ ФЕНОМЕНОЛОГИЯСЫ
    Г.В.Ф. ГЕГЕЛЬ
    Аударған Т. Ғабитов
    Сана
    Сана рефлексияның немесе рух қатынасының, оның құбылыс ретінде дамуының сатысын құрастырады. "Мен" рухтың өзіне, бірақ субъективті ретіндегі, өзінің өзіне ең анықтылығы ретіндегі шексіз қатынасы болып табылады; табиғи жанның тікелей тепе-тендігі оның өзімен бұл таза идеалды тепе-тендігіне дейін көтерілген; осы тепе-тендіктің мазмұны бұл өзі - өзіне баршылық рефлексияның пәні болып табылады. Рухтың таза абстрактылы еркіндігі, дер
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)