kairbekkyzy
kairbekkyzyдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
бір қыз келеді. Жиренше дауыстап, бұл өзеннің өткелі қайда деп сұрайды. Қыз: "Анау жақта бір өткел бар, жақын, жақын болса да алыс, анау жерде бір өткел бар, алыс, алыс болса да жақын" дейді. Мұның не сөз екенін аңғармай Жиренше жақын деген өткелге барып жүріп кетіп еді, судың орта жеріне барғанда аты малтығып жығылып, үсті-басы былғанып, азар-мазар шықты. Сонан соң, алыс та болса жақын деген өткелге барып, оп-оңай өтіп, ар жақтағы қыздың үйіне келді.
Үйіне келіп отырған соң, Жиренше қызға қарап: "Жаным, қарным ашып алыстан келемін, тамағыңның тәттісін бер" дейді. Қыз айтты: "Бір тамақ бар ащы, ащы болса да тәтті. Бір тамақ бар тұщы, тұщы болса да ащы" деді. Жиренше: "Ащы болса да тәтті"деген тамағыңды келтір", — дейді. Қыз тұрып барып, бір уыс тұз алып, бір аяққа салып Жиреншенің алдына қойды. Жиренше мұны көріп: "Жаным, құр тұзды қалай жеймін?"— деді. Сонда қыз үндемей, тұзы жоқ қара көже құйып берді. Жиренше өзі де данышпан ақылды кісі еді, ойлап отырып, бұл сөздерге түсінді. Жаңа үй иесінің берген мәзірін күтпей, тәтті тамағыңды бер деп сұрағанына ұялады. Сол істе
Мұхтар Әуезов
Жи­ренше ше­шен әңгі­ме­лері
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды