Аружан Гинаятоваhas quoted5 years ago
— Мені мұндай сорлы қылғандай не жазып едім?.. Неңді жеп едім?! Жазығым — қуарып қалған жетімдігім бе? — деп жерде жатқан үлкен тасты ала салып, төніп келіп қалған Исаны тізесінен періп кеп жіберіп, далаға қарай қаша жөнеліп еді.

Иса аузына келгенін айтып боқтап, аяғы мертігіп «бақ» етіп отырып қалды. Қасым сол бетімен тас лақтырып қуған балаларға жеткізбей, үлкен тауға қарай жөнеліп еді.

Ауылға енді қайта бара алмайтынын біліп, зарлап еңіреп, әжесі мен атасынын, атын атап шақырып келе жатқанда, бұрыннан ойлап жүрген бір көмескі ниеті есіне түсті, ол ниеті — ел жайлаудан қайта оралып, қыстауға таман жақындаған соң, сол қыстау маңында зираты бар әке-шешелерінің басына бармақшы еді.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)