Amethyst Amethysthas quoted7 years ago
Дәуренбек салдат етігімен сарт-сұрт басып, екі-үш қадам алға шықты да, бас бармағы мен жарты шынашағы ғана бар сол қолымен қармалап, төс қалтасынан төрт бүктелген бір жапырақ қағаз алды. Бес саусағы да бүтін оң қолымен қағаздың бүктемесін жазып, ернін жыбырлатып, ішінен оқып аз бөгелді. Содан соң молақ қолының кеміс шынашағымен балаларды санап шықты. Қағазына тағы бір қарады да балаларды орнын алмастырып, қайта тұрғызды. Тамағын кенеп екі-үш мәрте жөткірініп алып, қағазды мұқият бүктеді де қайтадан қалтасына салды.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)