b9899943183has quoted7 years ago
БАҚЫТ ДЕГЕН
"Мұғалима бізге бақыт туралы
шығарма жаздырды. Бақыт деген
не екенін мен қайдан білейін... "
Бақыт деген — сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің.
Бақыт жайлы менің мынау білгенім:
Бақыт деген — бірде шаттық, бірде мұң.
Бақытты сол — тәрік етіп түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса кімде-кім.
Бақыт деген — әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген — дәл қазір,
Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тас қала,
Бірақ, балам, мынаны естен тастама:
Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң,
Бақытты боп сорлап жүрсең, масқара!
Бақытың — мен, бақытым деп біл мені,
Мені білсең, бақытыңды білгенің.
Ал мен үшін ең бақытты күндерім —
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)