b6867873452has quoted4 years ago
XXXV

Айыбыңды мойындап сен мұңайма,

Тікенексіз роза жоқ, мұны ойла!

Күн мен Ай да тұтылады бұлт басып,

Айна бұлақ айналады лайға.

Күнәліміз шыдап болмас төзуге,

Мен де баттым күнәға әрбір сөзімде.

Айыбымды жумақ болып әрнемен,

Айыбыңды заңсыз кештім кезінде.

Сотта өзімді адвокат деп түсінгем,

Қарсы жаққа қызмет ету үшін де.

Өшпенділік, махаббатым өзара,

Майдандасып жатыр менің ішімде.

Сүйкімді ұры, тонасаң да мені сен,

Айыбыңды, үкіміңді бөлісем.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)