Rahymbu'bi Rahymbekovahas quoted5 years ago
Осы жұрт қалай ғана көңілденіп, бір-бірімен желпілдеп бас изесе қояды. Зайыры би залының, паркетінде сырғығандай өмірі еркін есіліп өтіп жатқаны ойларының айқындығы болар. Олардың ешқайсысының көзінен мұң табын таба алмадым, иықтарын езген ауыртпалық та жоқ шығар. Алаңсыз көңілдерде не бір күңгірт ойдың, не бір көмескі қайғының көлеңкесі де байқалмайды. Өмір жолын жаңа ғана бастап, бастай бере бақыт дегеннің не екенін ұмытқан жап-жас менің осынау адамдардың арасында сандалып жүргенім мынау! Осындай ойлар мазалап, өзімнің әлемет әділетсіздіктің құрбаны болғанымды ұғындым. Соңғы айларда өмір сүруімнің осыншалық ауыр боп кеткені несі? Менің шыбынсыз жаздай көңілімді біреу бейне өзгертіп қойғандай, қайда барсам, ащы өкініш анталайды да тұрады. Бәзбір орындыққа жайғаса қалсам да, болмашы бір қадам жасасам да, қай-қайдағы келеңсіз оқиғалар тап беріп, жан дүниеме тарпа бас салып ендей еніп, қуат-күшімді құр босқа шашуға мәжбүр етеді
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)